Тоқаев Наурыз мейрамын тойлауға қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, мерекенің мазмұнын байыта түсу керегін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында жазды.

«Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылығымызға айналдыра алғанымыз анық. (…) Ешкімді ұлтына қарап, бөле-жарған жоқпыз. Бәрінің өсіп-өнуіне толық жағдай жасадық, бірдей мүмкіндік бердік. Біздің ұлтаралық келісім саясатымыз әлемді мойындатты», — деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент қазақ халқының осындай ырыс-ынтымағын бағалау керегін айтты.

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫЗМЕТ ТІЛІ

Тіл – мемлекеттік басқару мен қоғамдық келісімнің маңызды құралы Кіріспе...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...