Университет – тек білім беретін мекеме емес. Ол ғылыми ой қалыптасатын, тұлғалық әлеует ашылатын, ұлттық құндылықтар мен әлемдік өркениет тоғысатын интеллектуалдық кеңістік. Осындай биік миссияны жүзеге асырып келе жатқан оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны ретінде ҚазҰУ (https://farabi.university/) отандық ғылым мен білімнің дамуына үлес қосып қана қоймай, халықаралық академиялық кеңістіктегі ел беделін нығайтуға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асыруда.
ҚазҰУ-дың бүгінгі жетістіктері университеттің академиялық даму стратегиясының, ғылыми әлеуетінің және халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде кеңейтудің нәтижесі. Университет әлемдік рейтингтерде өз позициясын нығайтып, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жаңғырту және халықаралық академиялық байланыстарды дамыту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. QS халықаралық рейтингтеріндегі жоғары көрсеткіштер, Азияның жетекші университеттері арасындағы орны және Орталық Азиядағы академиялық көшбасшылық университеттің әлемдік білім кеңістігіндегі беделін айқындайды. Бұл жетістіктер ҚазҰУ-дың халықаралық талаптарға жауап беретін білім беру орталығы ғана емес, ғылыми жаңалықтар мен интеллектуалдық дамудың маңызды алаңы екенін көрсетеді. Университеттің ғылыми ортасы оқытушылар мен зерттеушілердің кәсіби өсуіне, жас ғалымдардың ғылыми ізденістеріне, пәнаралық зерттеулердің дамуына кең мүмкіндік береді. Ғылымды өндіріспен, білімді практикалық сұраныспен байланыстыру, жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізу және халықаралық ғылыми жобаларға қатысу – заманауи университеттің негізгі даму бағыттарының бірі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ерекшелігі – қалыптасқан академиялық дәстүрді сақтай отырып, заман талабына сай жаңғыруға ұмтылуы. Университеттің білім беру жүйесі кәсіби құзыреттілікті қалыптастырумен қатар, сыни ойлау, зерттеушілік қабілет, азаматтық жауапкершілік және шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуға бағытталған. Білім беру кеңістігінде цифрлық технологиялардың қолданылуы, халықаралық академиялық ұтқырлық, көптілді білім беру, ғылыми жобалар мен студенттік бастамалар жастардың әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай орта студентті дайын білімді қабылдаушы ғана емес, жаңа идеялар ұсынатын, қоғамның дамуына ықпал ететін белсенді тұлға ретінде қалыптастырады. ҚазҰУ-дың академиялық мәдениеті білім мен тәрбие, ғылым мен қоғамдық жауапкершілік, ұлттық сана мен жаһандық ойлау арасындағы үйлесімділікті сақтауға негізделген.
Университеттің халықаралық миссиясы мен білім кеңістігін кеңейту бағытындағы қызметінде ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің орны ерекше. Факультет көп жылдар бойы шетелдік азаматтарды, этникалық қазақтарды және білім алушылардың түрлі санаттарын университеттік білімге даярлау, тілдік және академиялық бейімдеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді. 1985 жылы құрылған факультет төрт онжылдық ішінде мыңдаған білім алушының өмірлік және кәсіби жолына ықпал етіп, олардың жоғары білім алуына негіз қалады. Бұл – университеттің халықаралық байланыстары мен білім беру миссиясының маңызды бөлігі. Факультеттің қызметі білім алушыға тіл үйретумен ғана шектелмейді. Ол жаңа ортаға бейімделуге, Қазақстанның мәдениеті мен тарихын тануға, академиялық талаптарды меңгеруге және болашақ мамандықты саналы таңдауға мүмкіндік беретін кешенді даярлық жүйесін қалыптастырады. Әсіресе, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының қызметі ерекше маңызға ие. Кафедра тыңдаушылардың білім деңгейін жетілдірумен қатар, олардың университеттік ортаға бейімделуіне, оқу дағдыларын қалыптастыруына, өздігінен білім алу мен ғылыми ізденіске алғашқы қадам жасауына ықпал етеді. Оқу үдерісінде тілдік дайындық, жалпы білім беру пәндері, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен қоғамдық өмірі туралы білім өзара сабақтастықта беріледі. Шетелден келген қандастар үшін бұл кафедраның орны айрықша. Атажұртқа оралған жастардың Қазақстанның жоғары білім жүйесіне енуіне, мемлекеттік тіл мен академиялық ортаны меңгеруіне, өз тарихи тамырларымен байланысын нығайтуына жағдай жасалады. Бұл бағыттағы жұмыс тек білім беру міндетін ғана емес, ұлттық бірегейлікті сақтау, тарихи сабақтастықты жалғастыру және елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатын да қамтиды.
Факультет пен кафедраның тәрбиелік, мәдени және қоғамдық іс-шаралары білім алушылардың университет өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Ғылыми конференциялар, мәдени кездесулер, танымдық экскурсиялар, ұлттық мерекелер мен шығармашылық жобалар түрлі елдерден келген жастардың өзара түсіністігін қалыптастырып, мәдениетаралық диалогты дамытады. Осы арқылы ҚазҰУ білім алушылар үшін тек оқу орны ғана емес, жаңа ортада өзін танып, болашаққа бағыт алатын маңызды өмірлік кеңістікке айналады.
Бүгінгі әлемде университеттің беделі оның рейтингтік көрсеткіштерімен ғана емес, қоғамға беретін интеллектуалдық, әлеуметтік және мәдени ықпалымен де өлшенеді. Ғалымдардың зерттеулері, оқытушылардың кәсіби еңбегі, студенттердің жетістіктері, халықаралық серіктестік және білім беру бастамалары біртұтас университеттік дамудың негізін құрайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы бағыттардың барлығын өзара байланыстыра отырып, Қазақстанның білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әлеуетін нығайтуға үлес қосып келеді. Оның жетістіктері – университет ұжымының ортақ еңбегінің, академиялық дәстүрге адалдығының және жаңа мүмкіндіктерге ұмтылысының нәтижесі. ҚазҰУ-дың басты құндылығы – білім арқылы адамды дамыту, ғылым арқылы қоғамды алға бастыру және ұлттық интеллектуалдық әлеуетті әлемдік деңгейге көтеру. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті мен дайындық кафедрасының қызметі де осы үлкен миссияның ажырамас бөлігі. Олар университетке бастайтын жолды қалыптастырып, білімге ұмтылған әрбір адамның болашағына мүмкіндік ашады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – өткеннің академиялық мұрасын бүгінгі жаңашылдықпен ұштастырып, ертеңгі ғылым мен білімнің көкжиегін кеңейтіп келе жатқан университет. Оның жетістіктері – Қазақстанның интеллектуалдық дамуының көрсеткіші, ал білім беру миссиясы – ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция.
ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Бегалиева Айша Карипжановна


