Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адам оқиғаның мән-жайын айтты

Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мен Қызылордадан жұмыс істеуге келгенмін. Құрылысшы болып, әртүрлі жұмыс істеймін. Балаларымды бағуым керек. Төрт ұл, үш қызым бар. Балалар Қызылордада тұрады. Үй жалдап, осында жұмыс істеймін», — деді Сәбит Шонтақбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ер адам жұмысқа асығып бара жатып, шығар алдында сегізінші қабатта терезеден асылып тұрған қызды көргенін айтты.

«Мен терезеден ұстанып, асылып тұрған баланы көрдім. Жалғыз ой оны құтқару болды. Сол сәтте өзімді ойлай да алмадым», — деді ол.

Ер адам ептілігі мен дене бітімі әскери карьерасына байланысты екенін түсіндірді. Бұған дейін Сәбит Шонтақбаев шекарашы болып жұмыс істеген.

«Әйелім видеоны көріпті, жарайсың деді. Қыздың ата-анасын көрмедім. Жұмысқа асығып бара жатқанмын, оны құтқарып, жетінші қабаттағы көршісіне тапсырдым. Сосын жұмысқа кеттім», — деп қосты ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттың терезесінен құлаған қызды қағып алғаны хабарланған еді.

Үкімнің заңдылығы мен негізділігі — әділ соттың басты талабы

Сот төрелігінің басты мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету,...

Язык судебного процеса как гарантия защиты прав участников судопроизводства

Язык судебного процесса является неотъемлемым элементом правосудия, непосредственно связанным...

Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің маңызы

Қылмыстық сот ісін жүргізудің басты мақсаты – заңдылықты қамтамасыз...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...