Коронавирустың мутацияланған түрі Грузияда анықталды

Коронавирустың жаңа «ұлыбританиялық» штамы Грузияда анықталды. Алайда оны жұқтырған адам Ұлыбританияда болмағанын айтады, — деп хабарлайды «Грузия Online».

Ауруларды бақылау орталығы басшысының орынбасары Паата Имнадзе үш үлгі жаңа штамм бойынша зерттелген, екеуінің нәтижесі теріс, ал біреуінде жаңа штамм анықталған. Науқас — 50 жастан асқан адам, бүгінде оның жағдайы жақсы және оқшауланып жатыр.

Имнадзенің сөзінше, оның биологиялық байланысы да зерттеліп жатыр. Паата Имнадзе жаңа штам жұқтырған адам Ұлыбританияда болмағанын айтады, алайда ол қай елде болғанын нақтыламаған. Эпидемиологтың айтуынша, коронавирустың жаңа штамын жұқтырған адам айығып шыққан.

Маман жаңа штамм коронавирустан аурудың өту кезеңі мен өлім деңгейі бойынша ешқандай айырмашылығы жоғын айтады.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штамы біздің елде тіркелмегенін мәлімдеді.

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫЗМЕТ ТІЛІ

Тіл – мемлекеттік басқару мен қоғамдық келісімнің маңызды құралы Кіріспе...

Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі - мемлекеттік қызметшілердің...