Елордалық тергеу изоляторында қоғамдық бақылау мүшелері кезекті мониторингті жүргізді

Астана қаласының қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері Марат Сатарқұлов пен Шавкат Исмаилов Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің № 64 мекемесіне барды.

Елордалық ҚАЖ Департаментінің бастығының орынбасары Рысбек Тұрғымбаевтың сүйемелдеуімен құқық қорғаушылар фронт-офистің үй-жайын аралап шықты, онда тергеу қамағындағы азаматтарға келген туыстарының, қоғамдық қорғаушылардың назарына мекеменің карантин бөлімшесіне, стационар және басқа да режимдік корпустарда, тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатқаны туралы жеткізілді.

ҚБК-ның мүшелері тергеу изоляторында ұстау шарттарын тексеріп, сотталғандарды жеке қабылдады.

ҚБК-ның төрағасы Марат Сатарқұлов атап өткендей, Астана қаласы бойынша ҚАЖД-нің мекемелерінің қызметкерлері олар үшін қажетті ақпаратты уақтылы ұсынады, қоғамдық бақылаушылардың қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірмейді: ҚБК мүшелері кез келген уақытта айыпталушыларды, күдіктілерді және сотталғандарды бейнебайланыс арқылы да, олармен тікелей кездесу ұйымдастырылып, оларды қызықтыратын мекемеге бара алады. Елорда мекемелерінде мұндай сапарлар үнемі өткізіліп тұрады, бұл мекеме қызметінің заңдылығының кепілі және көрсеткіші болып табылады.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...