«Қазақ аруы-2020» бізде қонақта

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалы Медеу аудандық Жер кадастры және тіркеу бөлімінің басшысы Бейсембаев Айдар Жетпісжанұлы Жерге орналастырушылар күні қарсаңында үлкен сыйлыққа ие болды. Қызы Нарғыз республикалық «Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесін жеңіп алып сыйлық жасады.

Ата-ана үшін баласының жетістікке жетіп қуануынан асқан бақыт бар ма?!

 

Нарғыз Айдар Жетпісжанұлының бес баласының екіншісі. Алматы қаласы Іле ауданы, Ақши ауылындағы №8 мектепті Алтын белгімен бітіріп, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясына түскен. Бүгінде музыкалық драма факультетінің 3 курсында оқитын Нарғыз, көптеген фильмдерге түсіп үлгерген. Режиссерлер Ақан Сатаев, Асқар Ұзабаевтардың «Бизнесмен», «Ғазиз жүрек», «Күй-ғұмыр» сынды фильмдеріндегі негізгі және басты рөлдерді сомдаған.

«Қызым Нарғыз өз жүрегінің қалауы бойынша өнер саласын таңдады, оның таңдауына қарсы келмедік. Ол мектепті жақсы оқыды, физика-математикадан республикалық олимпиада жеңімпазы болды. Ол өнерді таңдамағанда, жақсы математик болатын еді», — дейді әкесі Айдар Жетпісжанұлы.

Айдардың бес баласының үлкені 22-де, ең кішісі 9 жаста. Бәрі де қазақы дәстүрді бойына сіңіріп, тәрбиелі, өнегелі болып өсіп келеді. Бұл орайда жары Әсем Солтанқызының еңбегі ерекше. Жоғары білімді заңгер бола тұра, жұмысты қойып, өмірін бес баласының тәрбиесіне арнап отыр.

Осындай өнегелі отбасының отағасы Айдар Жетпісжанұлы 2012 жылдан бері Жер қадастры саласында еңбек етіп келеді.

2012-2015 жылдар аралығында Алматы облысы Қарасай аудандық Жер кадастры бөлімін басқарған ол, одан кейінгі еңбек жолы Алматы қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-та жалғасуда. Ұжымда беделді басшы, тәжірибелі маман ретінде сыйлы.

«Қазақ аруы-2020» республикалық байқауына қатысқан Нарғыз Айдарқызын «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалы ұжымы да жанкүйер болып қолдады. «Қазақ аруы-2020» байқауының бас жүлдегері атанған Нарғыз Айдарқызы, бүгін әкесі еңбек ететін ұжымға келіп, қонақта болды. Ол енді халыққа мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды насихаттау мақсатында, филиалдың «Ізгілік елшісі» волонтерлері қатарында болмақ. Цифрлық қызметтерді насихаттауға ниет білдірген «Қазақ аруы» — Нарғызды филиал директоры Данияр Батанұлы Қырықбаев құттықтап, ұжым атынан алғысын білдірді. Болашақтағы өмір жолына сәттілік тіледі.

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...