spot_img
spot_img

Асанәлі Әшімовтің әйелі ASANALI нөмірі қайдан алынғанын түсіндірді

Танымал кино және театр актері Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жарияланған видеоларда қара түсті жол талғамайтын көліктің мемлекеттік нөмірінің орнына ASANALI деген жазу ілінген. Сондай-ақ, роликтен актердің көлігінің соңынан еріп жүрген полицияның қызметтік көлігін байқауға болады. 

Желі қолданушылары бұл видеоға 5 мыңнан астам пікір қалдырған. 

«Асанәлі ағамызға бәрі жарасады», «Аңыз адамның көлігі», «Заң барлығына ортақ», «Шындыққа жанаспайды», — дейді олар. 

Ал «Миллион» командасының мүшесі Мансар Орынхан Асанәлі Әшімовтің мемлекеттік нөмір орнына инициал қолдануға рұқсат алған жалғыз қазақстандық екенін жеткізген.

«Міне, мынау Асанәлі Әшімов ағамыздың көлігі екен. Сол кісіге ғана осылай жүруге рұқсат берілген», — деді ол TikTok-та таралған видеолардың бірінде.

Біз КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімовамен байланысып, мәселенің мән-жайын сұрадық.

«Бұл жалған ақпарат екенін білдіргім келеді. Қазір Желіде көптеген ақпарат тарап жатыр, оның барлығы да қолданушылардың қиялынан туды. Асанәлі Әшімовке Қазақстанда мұндай ерекше нөмірмен жүруге рұқсат жоқ», — дейді ол.

Сонымен қатар, Әшімова ASANALI нөмірінің қайдан пайда болғанын түсіндіріп берді.

«Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойында осы нөмірді уақытша таққан еді. Оның өзінде сыртқа шыққан жоқ. Ал қала ішінде видеоға түсіп қалған сәтке тоқталсақ, бұл жаңадан түсіріліп жатқан фильмнің кадрлары екенін біліп жүріңіздер. Қазір Асанәлі Әшімов туралы фильм түсіріліп жатыр, ол үшін Қазақстанның барлық облысын аралап шыққан еді», — деді актердің жұбайы. 

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...