МӘМС: инсультке шалдыққан пациенттер реабилитациядан өте алады

Неврологиялық сырқаттарға шалдыққан алматылықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде денсаулығын түзете алады, деп хабарлайды Алматы қалалық №1 аурухананың баспасөз қызметі.
Осыдан біраз бұрын инсульт алған Р. есімді пациент сақтандыру арқылы реабилитациядан өткен.


«Мен аурухананың нейрореабилитация бөліміне инсульт алғаннан кейін 20 күннен соң түстім. Ол кезде өзім жүрмейтінмін, сөйлей алмайтынмын», — дейді пациент.
Дәрігерлер жеке оңалту бағдарламасын жасап, реабилитацияның кинезиотерапия деп аталатын әдісін қолдану туралы шешім қабылдады. Кинезиотерапия – инсульт салдарынан сал болып қалған аяқ-қолды қозғалысқа келтіріп, пациенттің өз бетімен жүріп тұруына, өзгенің көмегінсіз тамақтануына мүмкіндік береді. Нәтижесінде жігіттің есте сақтау, сөйлеу қабілеті жақсарып, өздігінше отырып-тұратын болды.
Нейрореабилитация бөлімі меңгерушісі Әмина Сейданованың айтуынша, бөлімше қажетті жоғары технологиялы аппараттармен жабдықталған, аталған санаттағы сырқаттармен жұмыс істейтін білікті мамандар да жеткілікті.


«Оңалтудың екінші кезеңі мидағы қан айналысы бұзылған және миына, жұлынына ота жасалған пациенттерге арналған. Олар бөлімшеге аталған манипуляциядан кейін 9 айдан соң қабылданады. Кешенді емдеу-оңалту процесіне көптеген салалық мамандар жұмыдырылады. Жоспарлы түрде стационарға жатқызу «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жүргізіледі», — деп атап өтті дәрігер.
Естеріңізге сала кетсек, сырқат денсаулығын қалпына келтіру мен медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүргізіледі.

Молодежь против наркорекламы

Антинаркотическая акция «Есірткісіз Қазақстан», направленная на выявление и устранение...

Цифровые доказательства в производстве следственных действий

Трехдневный тренинг на тему «Обращение с цифровыми доказательствами при...

Темп задает реальный сектор 

ПРОМЫШЛЕННОСТЬ НАРАЩИВАЕТ ВЫПУСК, СТРОИТЕЛИ СОХРАНЯЮТ ВЫСОКИЕ ТЕМПЫ, ПО ЖЕЛЕЗНОЙ...

Кассациялық сот жүйесі – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың басты шарттарының бірі – адамның және...

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...