Жеке бастың құпиясы қорғалады

Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам, оның құқығы мен бостандығы. Сондықтан, еліміздегі кез келген заң ең алдымен азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғауды мақсат етеді. Соның ішінде азаматтардың жеке басының құпиясын қорғауға да айрықша маңыз берілген.

Азаматтық кодекстің 144-бабында жеке бастың құпиясын сақтау құқығы айқындалған.  Осы бапта көрсетілгендей, азаматтар рұқсатынсыз оның өзгелермен хат жазысу, телефонмен сөйлесу, өзі күнделікті жазған күнделік, естелік, жазбаларын, интимдік өмірі туралы мәліметтерді, бала асырап алу сынды құпияларын жария етуге заңмен тыйым салынған. Сол сияқты елімізде кез келген азаматтың адвокаттық, медициналық, банктік құпиялары да қорғалады. Тек қылмыстық, заңдық талаптар болған жағдайда ғана жеке өмір құпиясын ашуға рұқсат етіледі. Заңның осы талаптарын басшылыққа ала отырып азаматтар жеке басына қатысты құпияны жария еткендерді сотқа беріп, өзіне келтірілген моральдық, материалдық шығынды өндіріп алуға толық құқылы.

Сонымен қатар, азаматтардың суретін де рұқсатсыз пайдалануға жол берілмейді. Өкінішке орай, заңның осы талабын білмейтін азаматтар басқаны былай қойғанда көз жұмған, зорлық көрген, қылмыстың құрбанына айналған азаматтардың суретін рұқсатсыз жариялап жатады. Тіпті, қылмыс жасады деп күдік келтірілген азаматтарды да алдын ала қылмыскер деп көрсетіп, суретін тарататындар бар. Заң бойынша адамды тек сот үкімі шыққаннан кейін ғана қылмыскер деуге болады. Ал сот үкімі шықпай тұрып, алдын ала ешкімді қылмыскер деуге хақымыз жоқ.

Азматтық кодексте азаматтардың суреттiк бейнесiн пайдаланудың да тетігі айқындалған. Соған орай, кез келген суретті жариялағанда оның иесінің келісімі сұралуы керек. Ал ол адам қайтыс болған жағдайда мұрагерлерiнiң келiсiмiн алып барып, суретті пайдалануға жол беріледі.

А.К. Кусаинова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Конституционные основы развития цифровизации

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ЯВЛЯЕТСЯ ОДНИМ ИЗ МИРОВЫХ ЛИДЕРОВ В РАЗВИТИИ...

В учреждении средней безопасности прошел турнир по мини-футболу среди осужденных в рамках летней спартакиады

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

16 мамырда Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және...

Роза Есенқұлова: «Қасенов әкелік міндеттерден толықтай бас тартты»

Журналист Роза Есенқұлова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жолдасы...

Алматыда қазақ-қырғыз ғылыми интеграциясына арналған шара басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен...