
Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және Жарма аудандық ауруханасының психологымен бірлесіп, пробациялық есепте тұрған азаматтарға арналған психологиялық тренинг өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар өзін-өзі бақылау, эмоцияларды басқару, позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыру және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған психологиялық жаттығулар мен әңгімелесулерге қатысты.
Сонымен қатар әлеуметтік бейімделу, жасаған әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті сезіну және заңға бағынатын өмір салтын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу пробациялық есепте тұрған азаматтарға психологиялық қолдау көрсетуге, олардың қоғамға қайта бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.


