Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарғаны белгілі болды. Онда Төребаев әлі де қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқаны айтылған.

«Сот шешімі бойынша, күдіктіні қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», — деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, сот бір күннен кейін Шерниязовқа қатысты қаулы шығарды. Оның қамауға алу мерзімі де тағы бір айға ұзартылды.

«Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды», — деп толықтырды сот өкілдері.

Еске салайық, Мейіржан Төребаев әріптесі Мейірхан Шерниязовпен бірге биыл сәуірде қамауға алынған болатын. Олар Алматыдағы Mudarabaн Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша күдікті ретінде танылған.

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом...

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және...

ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Мәслихат депутаттарын сайлау барысында сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне...

ОКОЛО 300 ГРАЖДАН ПОЛУЧИЛИ ПОМОЩЬ В ВОССТАНОВЛЕНИИ НАРУШЕННЫХ ПРАВ

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Карагандинской...

300-ДЕЙ АЗАМАТТЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫНҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті...