ТҰТЫНУШЫҒА 16 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Астана салондарының бірінен  тұтынушы 15 млн теңге көлеміндегі соммаға автокөлік сатып алған, алайда үш айдан кейін көлік тоқтап қалып, автокөлік иесі қызмет көрсету орталығына хабарласқан, онда беріліс қорабының дұрыс жұмыс істемеуі ақауы қойылған.

Автокөлік сату жағынан бөлшекті жеткізу бірнеше айға созылған. Тауарды қайтару немесе айырбастау туралы шағыммен автокөлік жүргізушісі субагентке — автосалонға және өндірушіге наразылық хатын жібереді.

Мәселені реттеуге бағытталған өз әрекеттері сәтсіз болғандықтан, тұтынушы Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне жүгінуге мәжбүр болған. Арызда тұтынушы сатушының кемшіліктерді жоюдан, сапасыз көлік үшін ақшаны айырбастаудан немесе қайтарудан, кепілдік бойынша қызмет көрсетуден, ақаулықтарды жою мерзімдерін бұзудан бас тартқанын көрсетеді.

Одан әрі, іс сотта қаралып, онда жауапкер сервистік орталық өндіруші және автосалон, ал мемлекеттік орган үшінші тұлға ретінде әрекет етті. Сот процесінде Департамент басшысы Нұрғали Қуандықұлы «Көлік-техникалық жағынан күрделі тауар. Егер онда елеулі кемшілік анықталса, онда сатып алушы ұқсас тауарға ауыстыруды немесе ол үшін төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы», — деп түсіндірді.

Сот шешіміне сәйкес, тұтынушыға автокөліктің құны толықтай қайтарылды, сондай-ақ кепілдік жөндеудің барлық уақыты үшін 100 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян және тұтынушы Солтүстік Қазақстан облысынан келгендіктен Астана қаласында тұруға жұмсалған шығыстарға 71 000 теңге сомасында, өкілдің қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстарға 500 000 теңге сомасында, мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығыстарға 161 000 теңге сомасында өтелді.Тұтынушыға жалпы сомасы 16 677 000 теңге қайтарылды. 

Меруерт АСҚАРҚЫЗЫ,

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...