ИСЛАМ ДІНІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК №68 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған «Ислам діні және қазақ руханиятының үндестігі» тақырыбында көшпелі кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың рухани-танымдық білімін кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.
13 қараша күні Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Жанат Тұяқбайқызы, Эльмира Амандыққызы және Талғат Тұрсынбекұлының қатысуымен, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі А. Махашевтің ұйымдастыруымен өткен көрмеге жазасын өтеуші 11 азамат қатысты.
Көрме барысында қатысушылар Қазақстан тарихына арналған және діни сараптамадан өткен әдебиеттер топтамасымен танысты. Атап айтқанда, «Көшпенділер», «Алтын Орда», «Тарих-и Рашиди», «Жәңгір хан», «Сұлтан Бейбарыс» сынды тарихи кітаптар ұсынылып, сотталған азаматтарға оқуға табысталды.
Мұндай рухани-ағартушылық кездесулер азаматтардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихи санасын жаңғыртуға және қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.
Іс-шара барысында режимдік және қауіпсіздік талаптары толық сақталды.
Кітап – рухани қазына, білім – кемел болашақтың кілті!

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЖ ЖҮЙЕСІНЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Ұлттық...

Нархоз университетінде мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек саласындағы құқықтары талқыланды

Мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек саласындағы құқықтары Нархоз университетінде талқыланды....

Трудовые права лиц с инвалидностью обсудили в Нархозе

В Университете Нархоз состоялась открытая лекция на тему «Правовое...

Приоритетные направления культурной дипломатии Франции

12 ноября представитель Посольства Франции в Республике Казахстан, генеральный...

Priority Areas of French Cultural Diplomacy

On 12 November, François Monéger – representative of the...