Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Ұлттық ұланның әскери бөлімшелерін ҚАЖ жүйесінің қарамағына беру жұмыстары жалғасуда.
Бүгін аталған бағыттағы кезекті кезең жүзеге асырылып, әскери бөлімшелерді департаменттің ведомстволық қарамағына беру рәсімі өткізілді.
Бұл өзгерістер қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіруге, мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және күштер мен құралдарды тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Департамент бастығы, әділет полковнигі Рысбек Сағадатұлы Тургумбаев атап өткендей:
«Ұлттық ұланның әскери бөлімшелерін қылмыстық-атқару жүйесінің қарамағына беру – қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер күштер мен құралдарды тиімді үйлестіруге, мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға және қызметтік міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Біздің басты міндетіміз – қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Осы бағытта жеке құрамның кәсіби даярлығына, өзара іс-қимылға және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындауға ерекше мән беріледі. Жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады».
Қылмыстық-атқару жүйесін дамыту, қызмет тиімділігін арттыру және мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.


