12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТОЙ-САДАҚА ӨТКІЗУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

ТОЙ-ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ. АЛАЙДА СОҢҒЫ КЕЗДЕ ҚУАНЫШТЫ СӘТТЕРДІҢ ТІРНЕКТЕП ЖИҒАН ДҮНИЕНІ ТӨГІП-ШАШАТЫН ДАҢҒАЗАҒА АЙНАЛҒАНЫ ДА ЖАСЫРЫН ЕМЕС. АҚТӨБЕЛІК ФИЛОЛОГ ОРАЛБЕК ӨТЕҒҰЛОВ «КАРАНТИН РЕЖИМІН ПАЙДАЛАНЫП, ТОЙДЫ РЕТТЕЙТІН АРНАЙЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК» ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ. ОНЫҢ ПІКІРІНШЕ, АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА ТОЙ ӨТКІЗУГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАУ КЕРЕК. ОҒАН КЕТКЕН ҚАРЖЫНЫ БАСҚА МАҚСАТҚА ЖҰМСАҒАН ЖӨН. АЛАЙДА, ТОЙ БИЗНЕСІНЕН НӘПАҚАСЫН АЙЫРЫП ЖҮРГЕНДЕР БҰҒАН ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ҚАРСЫ. ТОЙ ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛУ – «ЖИҒАН-ТЕРГЕНІҢ ТОЙДА ШАШЫЛСЫН» ДЕЙТІН ҚАЗАҚҚА МҮЛДЕМ ЖАТ НӘРСЕ ДЕГЕН ОЙДА.

Ақтөбе қаласының тумасы Оралбек Өтеғұлов қазір Нұр-Сұлтандағы жоғары оқу орындарының бірінде
сабақ береді. Алайда, қарапайым оқытушының есімі әлеуметтік желіде «тойға 5 жылға мораторий жариялау
керек» деген ұсынысынан кейін кең тарала бастады. Оның бұл сөзін қос қолын көтере келіскендер де, арзан
«хайпқа» балағандар да болды. Алайда Оралбек Өтеғұловтың өзі бұл пікірін халықтың күнделікті өмірін көріп, ұзақ толғаныстан туған ой екенін айтады.
– Қазақ қоғамында қордаланған мәселе көп. Қытайдан басталған коронавирус пандемиясы тек біздің еліміз
үшін ғана емес, бүкіл әлем елдері үшін де жығылғанға жұдырық болды. Алда не күтіп тұрғанын ешбір сарапшы дөп басып айта алмайды. Жаз шығып күн ысыса да, коронавирус жұқтырғандардың саны азаймай тұр. Осындай қиын жағдайда бірнеше қалада тұратын тойханалардың иелері, әртістер мен асабалар тойханаларды ашып, той жасауға рұқсат беруді талап етіп жатыр. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып
секіреді. Айтуларынша, бір айда 10-15 миллиондық ақша айналымын жасайды екен. Енді сол табыстарынан
қағылып отырғандарын тілге тиек етеді. Ал, енді сол көлемдегі ақшалары қалай және қайдан келеді деген
сұраққа ойланып көрейікші? Әртістер мен той бизнесінде жүргендердің қоржынындағы қаржы – сіз бен біздің
қалтамыздан шыққан, жылдар бойы тапқан маңдай тер еңбегіміз. Мен осы саланы біраз уақыттан бері зерттеп келемін. Сондықтан да, осы уақытқа дейін түйгендеріммен бөлісуді жөн санадым. Қазақстанның қай қаласына бара қалсаңыз да, құжынаған тойханаға кезігесіз. Сол тойханаларда жұмыс істейтін қазақтың өрімдей жас қыз-жігіттері. Оларды кем дегенде 5-10 сағат жұмыс істетіп, 1500-2000 теңгенің көлемімен қатырады, – дейді ол.
– Бұл қорытындыға жайдан-жай келіп отырған жоқпын. Той саласында жұмыс істейтін көп студентім бар.
Студенттердің басым көпшілігі жұмысқа түскі уақытта кеткеннен түнгі екі жарым-үштердің шамасында келеді.
Жатақханалар жабық болады. Терезеден кіргізіп алған жағдайлар өте көп болатын. Білім сапасы демекші, қоғамдағы көптеген проблемалар осы жерден шығады. Қоғамда біліксіз дәрігерлер, біліксіз мұғалімдер, біліксіз мамандар көбейіп, ЖОО айтылатын сын да көбейе түсті. Бәріңіз білетіндей, білім беру – бұл екі жақты процесс. Білім алушының өзінің ниеті, қызығушылығы, ынтасы болмаса, қанша жерден үздік мұғалім немесе
оқытушы болса да, ештеңе шықпайды. Жасаған еңбегі кұмға сіңген сумен тең. Ал, енді түнімен тойда жұмыс істеп, ұйқысы қанбай жүрген студенттер мен оқушылардан қандай сапалы білім талап ете аламыз? Бұл бүгін ғана пайда болған проблема емес. Жылдар бойы қайталанып келеді. Бүгінгі күндегі біліксіз мамандар – бір кездердегі тойға шығып сабақтан көп қалған, еңбектері қаналған студенттер мен оқушылар, – дейді Оралбек Өтеғұлов. Біздің кейіпкер «тойсыз-ақ неке қиып, бақытты болуға болады» деп есептейді. Оның пайымдауынша, ұлан-асыр той жасаудың орнына екі жасқа пәтер алып немесе бір кәсіп ашып беруге болады. Тіпті болмаса, шет елдерге саяхатқа жіберсін. Өмірдің қызығы тек тоймен шектелмейді. Алайда бұл туралы той саласында жүргендердің пікірі мүлдем бөлек. Асаба әрі шоумен Саламат Жылқыбаев қазақты қуанышынан айырмау керек деген пікірде:
– Той бизнесінде жүрген маман ретінде менің де айтарым бар. «Той – қазақтың қазынасы» дейді.
Қазақ ешқашан дүние қумаған. Бізжиған-тергеніміздің барлығын тойға шашамыз, сол жерде көрсетеміз. Әрбір адам баласының үйлену тойын жасағысы, келін түсіргісі келеді. Мұндай күнді неге дүркіретіп тойламау керек?! Алайда кей пікірлермен келісуге болады. Кей кезде тойда көп шығындалып, шашылатынымыз да рас. Бір-бірінен қалмау үшін несие алатындар да бар. Қымбат мейрамханада той жасаудың орнына киіз үйді жалға алып, әдемі безендіруге де болады. Әр адам жағдайына байланысты той жасау керек. Алайда «той өткізуге 5 жылға мораторий жариялау керек» деген пікірмен келіспеймін. Бұл салада көп адам жұмыс істейді. Әр адамның қабілеті де әртүрлі. Табыс көзі де басқа. Біреу аспаз, оның қолынан дәмді тағамдар әзірлеу ғана келеді. Оның кәсібі сол. Ертеңгі күні той болмаса, ол құрылыста жүріп, үй сала алмайды. Өйткені, оның қолынан келмейді. Мен қара жұмыс істей алмаймын. Бәлкім, халықтың көңілін көтеруге жаралған жан шығармын. Халық қалтасы көтерсе, мейрамханада жасасын. Әр өңірдің той тойлауда өзіндік ерекшелігі
бар. Мәселен, батыста 14 млн теңгеге той жасайды. Әрине, қалтасы көтергендіктен болар. Сондықтан, тойдағы мейрамхананың, асабаның қызметінің бағасы да әр өңірге сай болуы керек. Салт-дәстүріміз бар. Тойлай алатын қабілетіміз бар. Сондықтан, той тоқтамау керек, – дейді ол. Ал, тойға қажетті қолөнер бұйымдарын жасап, нәпақасын айырып жүрген Айсұлу Нұрланова соңғы кезде карантинге байланысты тапсырыстың төмендеп кеткенін айтады. Ол «қазақты тойсыз елестету мүмкін емес» дейді.
– Мен тойға қажетті қолөнер бұйымдарын, «тойбастар» секілді естелік сыйлықтарды жасаумен айналысамын. Қазіргі карантин уақытында адамдардың көпшілігі өздерінің мерекелік шараларын қашан тойлайтындарын білмей дал болып жүр. 400 адамдық тойлардың көпшілігінде қонақтардың саны азайып, 40-60 адамға
жетті. Халық өздерінің бақытты сәтін барынша қарапайым өткізуге тырысуда. Тиісінше, табыс көзі де азайды.
Бірақ, алдағы уақытта аста-төк той өткізуге тыйым салынса да, халық кез келген жағдайдың шешімін табады
деген ойдамын, – дейді ол. Не десек те, Ақтөбеде шектеу шараларының күшейгеніне қарамастан,
той, садақа өткізу тоқтамай тұр. Халық қауіп-қатердің бар екенін ескерместен, қонақ шақыруын жалғастыруда. Бұл мәселе облыс әкімдігінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде өткізілген жиын кезінде де айтылды. Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовтың сөзінше, өңірде індетке шалдыққандардың саны артып жатыр. Оған шектеу шараларының жеңілдеуі, белсенді скринингтердің өткізілуі және санитарлық талаптардың сақталмауы себеп. Ал, облыстық тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева ешқандай
тыйымдарға қарамастан, дәстүрлі шаралардың өтіп жатқандығын айтты. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин
қауіпсіздік шараларының маңызды екенін, алайда тұрғындарды тым қыспаққа алудың кері әсері барын
жасырмады. Оның ойынша, уақытты шектеген сайын халық одан да көп жинала береді. Азаматтардың көп шоғырлануын болдырмас үшін, керісінше, олардың жүріп тұруына мүмкіндік беру керек. Сондықтан, той-жиын өткізудің тәртібі облыстық полиция департаментімен бірлесе отырып шешіледі.
Жансая ЕСМАҒАНБЕТОВА,
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ 

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...