Төрегелді Шармановтың медицина саласына сіңірген еңбегі дүниежүзілік деңгейде жоғары бағаланады — Президент

Төрегелді Шармановтың медицина саласына сіңірген еңбегі дүниежүзілік деңгейде жоғары бағаланады. Бұл туралы бүгін еліміздің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттау рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Қазақстанның еңбек ері атағына ие болды. Академик дәрігер ұлт саулығын сақтауға, салауатты өмір салтын дәріптеуге айрықша үлес қосып келе жатыр. Әсіресе, індет кезінде жұртқа қажетті мағлұмат беріп, елдің амандығына тілеулес болды. Абыз ақсақал ретінде ұрпаққа шынайы жанашырлығын танытты. Оның медицина саласына сіңірген еңбегі елімізге ғана емес, дүниежүзілік деңгейде жоғары бағаланады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

7

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...