Сыбайлас жемқорлықпен күрес – құқықтық мемлекеттің негізі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына елеулі қауіп төндіретін, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарына қайшы келетін теріс әлеуметтік құбылыс. Ол мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретіп, заң үстемдігі қағидатын бұзады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы арқылы айқындалған. Аталған заңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау және жауапкершілік шаралары нақты көрсетілгенСыбайлас жемқорлықтың негізгі белгілеріне қызметтік өкілеттіктерді жеке пайдасына пайдалану, пара алу және беру, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті заңсыз иемдену жатады. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыс ретінде танылып, тиісті жазалар көзделген.

Мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметінің есептілігін арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, сондай-ақ қоғамдық бақылау институттарын күшейту жүзеге асырылуда. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресте құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау – жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолдарының бірі. Әсіресе, жастар арасында «адалдық» қағидатын орнықтыру болашақта құқық бұзушылықтардың азаюына ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, құқықтық тәртіпті құрметтеген жағдайда ғана бұл келеңсіз құбылыстың тамырына балта шабуға болады.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі және кешенді күрес жүргізу арқылы ғана қоғамда әділеттілік орнап, мемлекет дамуының берік құқықтық негізі қаланады. Заң үстемдігі мен адалдық қағидаттарын сақтау – әрбір азаматтың конституциялық борышы.

         Түпқараған аудандық сотының судьясы А.Сабираддинов

Әскери соттарда сот отырыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының әскери соттар жүйесі еліміз егемендік алғаннан кейін...

№21 мекемесінде «Тазару күні» өтті

Семей қаласындағы №21 мекемеде «Тазару күні» республикалық акциясы аясында...

Медиацияның мақсаты-бітімгершілік

Медиация – қоғамдағы татулық пен өзара түсіністіктің тиімді құралы....

Ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль – құжаттарды халықаралық деңгейде заңдастырудың жеңілдетілген тәсілі. Ол...

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...