Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі жаққа да тиімді шешімнің табылуы. Бұл әдіс арқылы тараптар бір –бірін түсініп, ортақ келісімге келеді. Ең бастысы –бұл процесс ерікті түрде жүзеге асады.

       Қаншама заман өтсе де сотта даулы істерде бірінші татуластыру шаралары ұсынылып, бітімгершілікке келу жолын көрсетеді. Бұрын ата бабаларымыз дауды шешу барысында ауылдың ақсақалдары жиналып, татуластыру үшін даналық ақылмен саралап, бір мәмілеге келтіріп, реттеп отырған.

    Медиация жолы біріншіден істі қысқа мерзімде бітіруге, екіншіден дауласып жатқан тараптардың бір –біріне деген абыройы, сыйластығы сол қалпында қалуына мүмкіндік туғызады.

     Судьяға жүктелген жауапкершіліктің артында адам тағдыры тұрады, сондықтан татуластыру жолымен шешілген іс судья тарапынан жасалған күрделі жұмыс десек те болады.

         «Тар жерде табысқан, Кең жерде келіседі», «Су да ылдиға ағады, Кішіпейілдік адамға жағады», «Заман қамын ойлаған, Саналықтың белгісі, Адам қамын ойлаған, Даналықтың белгісі» деп ата-бабалар айтқандай даналық пен саналық танытып, бір –бірімен табысып, келісімге келіп, кішіпейілдікті алға қойған дұрыс болар.

     Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әр жыл сайын татуласу келісімдер де, медиациялар да, партисипативтік рәсімдер де бекітіліп шешімдерін  тапқан істер артып келеді.

     Сонымен қатар дауды шешуге сотқа беріп, сот арқылы құқығыңды қорғау ұзақ уақыт алатын, тараптарды бірталай әбігерге салып, жүйкесіне салмақ түсіретін, сыйластықтарын кетіретін, қаржылық шығын келтіретін ұзақ процесс. Ал, бітімгешілік, татуласу, медиация –бұл тараптар арасындағы ортақ келісім арқылы шешіліп, татулықпен шешеді. Дай бітіммен біткен кезде төленген мемлекеттік баж қайтарылады

                                Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                       істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  

                                      судьясы Айгүл Нұрланқызы Актулиева  

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...

НАСЛЕДИЕ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Какими должны быть современные подходы к патриотическому воспитанию молодежи...

СОКРАТИТЬ ДЕФИЦИТ КАДРОВ

В КАЗАХСТАНЕ МОДЕРНИЗИРУЕТСЯ ПРОГРАММА ДОБРОВОЛЬНОГО ПЕРЕСЕЛЕНИЯ ГРАЖДАН В РЕГИОНЫ,...