Медиацияның мақсаты-бітімгершілік

Медиация – қоғамдағы татулық пен өзара түсіністіктің тиімді құралы. Бүгінгі таңда сот жүйесінде медиацияның рөлі ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі ол даулы мәселелерді шиеленістірмей, бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл сот ісін жүргізудің баламалы жолы ретінде азаматтар арасындағы кикілжіңдерді жеңіл әрі жылдам реттеуге ықпал етеді. Нәтижесінде қоғамдағы тұрақтылық сақталып, адамдардың құқықтық мәдениеті мен санасы арта түседі.

Қазақстанда медиация институты 2011 жылғы 5 тамызда қабылданған «Медиация туралы» заң арқылы ресми түрде енгізілді. Аталған заң азаматтарға дауды шешудің өзіне қолайлы жолын таңдауға, құқықтарын тиімді қорғауға және өзара келісімге келуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, медиация азаматтық қатынастардың жаңа, заманауи үлгісін қалыптастырып, мәселелерді ашық әрі сындарлы диалог арқылы шешуге жол ашты. Оның тағы бір артықшылығы – уақыт пен қаржы үнемдеу. Көп жағдайда тараптар медиатор көмегімен бірнеше сағат ішінде ортақ шешімге келе алады.

Қазіргі таңда медиацияның қолдану аясы кеңейіп келеді. Ол әсіресе отбасы дауларында, әлеуметтік мәселелерде, тіпті кейбір қылмыстық істерде де тиімді құрал ретінде танылып отыр. Бұл өз кезегінде қоғамдағы дау-жанжалдарды азайтып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізуде.

Жалпы алғанда, медиаторларды халық арасында «бітімгер» деп атауға болады. Бұл ұғым қазақ халқының дәстүрімен де тығыз байланысты. Бұрын ел ішінде беделді, сөзге шешен билер мен ақсақалдар даулы мәселелерді әділ шешіп, екі тарапты татуластырып отырған. Солардың қатарында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды тұлғалар бүгінгі медиаторлардың тарихи үлгісі деуге болады.

Қорытындылай келе, медиация – қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың кепілі. Ол тек дауларды шешудің тиімді тәсғана емес, сонымен қатар адамдарды өзара құрметке, түсіністікке және жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды құрал. Медиация мәдениетін дамыту – өркениетті, құқықтық мемлекет құрудың маңызды қадамдарының бірі.

Қызылорда қаласының №2 соты судьясы Ж.Жәкеева

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...