Ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль – құжаттарды халықаралық деңгейде заңдастырудың жеңілдетілген тәсілі. Ол шетелде қолданылатын ресми құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін қойылады. Апостиль қою рәсімі 1961 жылғы Гаага конвенциясы аясында енгізілген. Осы конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасында құжаттарды қосымша консулдық заңдастырусыз қолдануға мүмкіндік береді.

Апостильдің басты мақсаты – бір елде берілген құжаттың басқа елде заңды күшке ие болуын қамтамасыз ету. Мысалы, диплом, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, сот шешімдері сияқты құжаттарға апостиль қойылса, оларды шетелде еркін пайдалануға болады.

Апостиль арнайы мөр немесе штамп түрінде қойылады. Онда құжатқа қол қойған тұлғаның аты-жөні, лауазымы, қолы, мөрі және апостиль қойған орган туралы мәліметтер көрсетіледі. Әдетте апостильді әр елде уәкілетті мемлекеттік органдар береді. Қазақстанда бұл қызметті Әділет министрлігі мен басқа да құзырлы органдар жүзеге асырады.

Апостиль қоюдың артықшылығы – рәсімнің қарапайымдылығы мен уақыт үнемдеуі. Егер елдер арасында жоғарыда аталған конвенцияға сәйкес келісім болса, онда құжаттарды консулдық арқылы қосымша растаудың қажеті жоқ.

Дегенмен, апостиль тек конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасында ғана жарамды. Егер құжат ұсынылатын ел бұл келісімге кірмесе, онда құжат толық консулдық заңдастыру рәсімінен өтуі тиіс.

Қорытындылай келе, апостиль – халықаралық құжат айналымын жеңілдететін маңызды құқықтық құрал. Ол азаматтардың шетелде оқу, жұмыс істеу, некеге тұру сияқты түрлі мақсаттарда құжаттарын заңды түрде қолдануына мүмкіндік береді.

Қызылорда қаласының №2 соты жетекші маманы

 М.Д. Атабаева

Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің басты белгісі

Мемлекеттік тіл – кез келген тәуелсіз мемлекеттің негізгі нышандарының...

Дербісектегі даудың дабыры Алматыға жетті

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Дербісек ауылындағы ұңғымаға қатысты дау...

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлерінің үш буыны Қазақстанның мемлекеттік рәміздері аясында бас қосты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

Три поколения сотрудников УИС по области Абай объединились под государственными символами Казахстана

В преддверии Дня государственных символов Республики Казахстан в учреждении...