Халық театрларының аймақтық фестивалі өтеді

Халықаралық театр күніне орай 28 наурызда Алматы облысы Шонжы ауылындағы аудандық мәдениет  үйінде «Жаңа Қазақстан – жаңа руханият» атты халық театрларының аймақтық фестивалі болады. Оған  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі театр және кино актеры, режиссер Асқар Наймантаевтың бастамасымен Алматы облысында 2020 – жылы ашылған «Хантәңірі» (Райымбек ауданы) және «Қарадала» (Ұйғыр ауданы) театрлары, Кеген аудандық халық театры (Кегени ауданы), «Қаракемер» (Еңбекшіқазақ ауданы) және Талғар қуаршақ театрлары (Талғар ауданы) қатысады.  

Шараны ұйымдастыруды өз мойнына алған Ұйғыр ауданының «Қарадала» театры дәстүр бойынша қонақтарды қарсы алып, салтанатты түрде қызыл кілемнің үстімен шеру жасата жүргізіп, сахна бағдарламасының ашылу мен жабылу бөлімдерін  ұйымдастрып жатыр. Бұл фестивалдің басты мақсаты – руханият әлемін ауыл сахнасы арқылы таныстырып, табыстыру. Онда сондай-ақ, Алматы облысы аумағындағы аудандық театрлардың гастрольдік сапарлар кестесін келісіп, тәжірибе алмасу, білім жетілдіру, репертуарын және өз мұқтаждықтарын ақылдаса отырып біріге шешіп, түрлі  семинарлар мен форумдар өткізу мәселелері де талқыланады.  

«Бұл үлкен істің бастамасы ғана. Ешкімнен бір тиын қаржы сұрамай, өзара келісіммен өткелі отырған тұңғыш аймақтық фестивалге келешекте көршілес Қырғыз елінің де шекараға жақын аудандарынан халық театрларын шақыру жоспарда бар. Бұрынғы кездері екі елдің өнерпаздары көршілес аудандарға гастрольдік сапарға шығып, жаз жайлауда малшыларға біріге өнер көрсетіп жүруші еді. Сол дәстүрді қайта жаңғырту ойымызда»,  – дейді фестивалдің қатысушылары.  

Е.КЕБЕКБАЙ

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...

Мемлекеттік тіл — сот төрелігінің маңызды құралы

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі орны ерекше. Қазақстан Республикасы Конституциясына...

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі

Қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі – әділ сот талқылауының негізгі...