Сотталғандар ақындармен кездесті

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы 68 республикалықр мемлекеттік мекемесінің АКАПТЖБ — нің қызметкерлері сотталғандар арасында ақынмен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге ҚР журналистер одағының мүшесі « Әлімсақ» журналының жауапты хатшысы «Баспалдақ» өлеңдер жинағының авторы « Сыр Үміті» сыйлығының лауераты ақын Айдар Әділжанұлы Сайлауов арнайы шақыртылды.

Бүгінде поэзияда өзіндік бет- бейнесін қалыптастырған ақын Айдар Әлімжанұлы өзімен бірге жас ақын жігіттерді ерте келіпті.

Кездесу барысында алдымен жасақ бастығы, әділет капитаны Н.Ниязов сотталғандарға келген қонақтарды таныстырып өтті.

Одан соң, ақындар кезек-кезек өлең оқып, сотталғандарды терең ойға жетеледі.

Айдар ақынның « Күлше» « Қара қағаз» « Тұз бен қыз» « Сол жағалау» « Шаң» деген тақырыптағы және жас ақындардың махаббат лирикалары жазасын өтеушілерге жағымды әсер берді.

Арқалы ақын мен талантты жастардың өлеңдерін бар ынталаларымен тыңдаған сотталғандар, қол шапалақтап,ақындарға құрмет білдірді.

Сұрақтар қойып,өзара диалог орнатты.Өз тараптарынан пікірлерін білдірді.

Соның бірі, Ш. есімді сотталған іс-шарадан алған әсерін былайша жеткізді.

Өлең деген тумайды жайшылықта демекші, мен осында түскелі бері өлең жазатын болдым. Ол өлеңдер өмір туралы, сатқындық, адалдық, сағынышқа толы әр сәттегі көңіл-күйімнен туған жырлар. Бүгінгі ақындармен кездесу маған шабыт сыйлады. Өлеңді қалай жазу керектігі жайлы біраз ой түйдім. Келген қонақтарға, кездесу ұйымдастырғаны үшін жасақ бастығына да, алғысымызды білдіремін.- деді.

Ия, бұл өткізілген поэзия сағатының темір тордағылардың тәрбиесіне игі әсері болды деп ойлаймыз.

Өйткені, Мағжан сенген «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жас ақын азаматтардың , өз-өзін ұстауы, сөз саптауы, «адасқан» жандарға жағымды әсер беріп, өлеңдеріндегі өрнекті иірімдері мен салмақты сөздері ізгі ойларға жетелегені анық.

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...