Сұйытылған газ бағасы қаңтар айындағы белгіленген деңгейде қалды

2022 жылғы 1 сәуірде ҚР Энергетика министрінің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуге қатысты бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қабылданған бұйрыққа сәйкес, сұйытылған газдың шекті бағасы 2022 жылғы 2-тоқсанда ағымдағы деңгейде белгіленеді және 28 000,00 тг/т (ҚҚС-сыз) болады.  ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, 2022 жылғы қаңтар айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығымен Қазақстанда автогаз құю станцияларында автокөліктерге жанармай құю үшін 180 күнге (ҚҚС қоса алғанда) сұйытылған газдың шекті-бөлшек сауда бағасы белгіленген еді.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығына сәйкес, өңірлердегі сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы қосымша құн салығымен қоса есептегенде, литріне 50-ден 75 теңге аралығында қалды.

Мемлекеттік тіл – бірлік пен тұрақтылық кепілі

Қазақ тілі – ұлттың тарихи болмысын, мәдениетін және дүниетанымын...

Состоялся круглый стол по обсуждению концепции Антикоррупционный политики

В Департаменте АДГС по Карагандинской области по делам государственной...

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінде алдағы 5 жылға арналған...

СОТ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында сот қызметтерінің сапасын жақсартуға және...

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ: ВТОРОЙ ШАНС ПОД КОНТРОЛЕМ ЗАКОНА

Контроль без изоляции Суть пробации заключается в том, что осуждённый...