Ресейде жарылған бөгет салдарынан БҚО-да ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Құтқарушылар Чинарево ауылының барлық тұрғындарын шұғыл эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Қарттар мен балалы әйелдерді автобуспен алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейде бөгеттің жарылуы салдарынан Батыс Қазақстан облысындағы Чинарево ауылын су басу қаупі төніп тұр, деп мәлімдеді КТК. Су қоймасы Орынбор облысындағы ауылдан небәрі 14 шақырым жерде орналасқан.

Құтқарушылар ауылдың барлық тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды ұйғарды. Қарттар мен балалы әйелдерді автобуспен алып шықты. Олар түні бойы Январцево ауылындағы мектепте болды.

Айта кетерлігі, су үйлерге кірмеді. Үй-жайлардың айналасына құм салынған мыңдаған қап қойылды.

Ауылға су жан-жақтан: солтүстік жақтан да, шығыс жақтан да, батыс жақтан да келді. Шығыс жақтан су ауылды айналып өтіп, оңтүстік жақпен кері кетті. Ауыл толығымен су құрсауында қалды.БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов

Пустобаев су қоймасының көлемі 8 миллион текше метр болады, бөгеттің саңылауының ені 7-8 метр, оны тез арада жасау мүмкін болмады.

Қазір су деңгейі төмендей бастады, тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат етілді. Құтқарушылар ауыл тұрғындарына қауіп төнген жағдайда сақтанып, қайта эвакуациялануға кеңес берді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...