Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шәмшә Беркімбаеваның отбасына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, білім беру ісінің құрметті қызметкері Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шәмшә Көпбайқызы еңбек жолын қатардағы ұстаздықтан бастап, өзінің іскерлігі мен қабілетінің арқасында мемлекеттік қызметтің сан түрлі саласында абыроймен еңбек етті. Министр кезінде білім мен ғылым көшін алға жылжытып, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруда мол үлес қосты. Депутат болған тұста отандық заңнаманы жетілдіруге атсалысты. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының ректорлық қызметін атқарған жылдары талай шәкірт тәрбиелеп, дарынды мамандарға бағдар көрсете білді», — деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Президент кең пейілімен айнала-төңірегінің шынайы құрметіне бөленген Шәмшә Көпбайқызының жарқын бейнесі ұмытылмайтынын атап өткен.

Бұған дейін бұрынғы білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаева қайтыс болғаны хабарланған еді.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...