Полицейлер «Автобус» шара кезінде 800-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының аумағында полицейлер 2022 жылдың 5-11 желтоқсан аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат — жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау. Іс-шараны өткізуге 560-тан астам полиция қызметкерлері, мүдделі органдар мен жұртшылық өкілдері жұмылдырылды.

Аталмыш іс-шараның үш тәулігінде полицейлер 814 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 3 жайт жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегі. Ал көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 232 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін — 150, жылдамдықты асырғаны үшін — 5, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін-1, техникалық байқаудан өтпегені үшін — 118, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін — 112 мен заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 38 құқық бұзушыны жауапқа тартты.

Рейд барысында ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың 42 жайты анықталып, 44 автокөлік айыптұраққа қойылды. 260-тан астам автобустың техникалық жай-күйі, жылытуы және т. б. сәйкестігі тексерілді.

Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бойынша осындай профилактикалық шаралары жол-көлік оқиғаларын азайтуға, сондай-ақ жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Применение электронных средств слежения в ходе ОПМ «Безопасный дом»

На учете службы пробации Ауэзовского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлі

Мемлекеттік тіл – әділетті қоғамның, тәуелсіз елдің және біртұтас...

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...