Петропавлда ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды

Петропавлда «ЖЭО-2» ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЖЭО-2-дегі оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қызметкерлері қылмыстық істі Қазақстан ҚК-нің 254 бабы бойынша тергеп жатыр.

«Облыс прокуроры мен СҚО Полиция департаментінің бастығы тергеу барысын бақылауға алды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізіп жатыр, нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі», — деп толықтырды СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Петропавлда ЖЭО-2 құбыры құлағаннан кейін үйінділерден жоғалғандарды іздеу жұмыстары сағат 21.00-де тоқтатылғаны хабарланды. Жоғалған әйел табылмаған. 

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...