Оралда полиция басшысы қамауға алынды

Оралдың тергеу соты пара алды деген күдікпен полиция бастығын екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Қалалық көші-қон полициясы департаментін басқарған Қанат Мұқанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оралдың тергеу соты полиция қызметкерін қамауға алу туралы санкция берді.

«БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Орал қалалық ІІБ көші-қон бөлімінің бастығы жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ұсталды», — деді БҚО прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева.

Қадағалау органы Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...