Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Азамат Панбаев мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қаржы министрінің бұйрығымен Азамат Панбаев мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Азамат Панбаев 1987 жылы туған.

2008 жылы — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2010 жылы — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Индустриялық даму және өнеркәсіп комитетінде 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін жалғастырды, сарапшыдан бастап, басқарма басшысына дейін жетті.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...