Ұлттық мерекеде ұжым қызметкерлері марапатталды

Ұлттық мерекеміз 25- қазан Республика күніне орай , Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты Қызылорда қаласындағы № 68 мекемесінің бір топ қызметкерлері саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін марапатталып, төс белгімен алғыс хатқа ие болды.

Атап айтқанда, Режим және күзет бөлімінің аға корпусшысы әділет старшинасы Ильясов Бағлан Амангелдиевич Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2022 жылдың 19 қазанындағы № 573 ж/қ бұйрығымен министр полиция генерал- лейтенанты М.Ахметжанов атынан «Қылмыстық – атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісін кеудесіне тақты.

Ал мекеменің Режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы А.Тоқжолова Қылмыстық атқару жүйесінің комитет төрағасы Жанат Болатұлы Ешмағамбетов атынан алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, мекеме теологы, әділет лейтенанты Рузиев Рашид пен РжКБ- нің бақылаушылары әділет аға сержанты Уалиев Айбол, кіші сержант Досанов Еркебұлан Қызылорда облыстық қылмыстық атқару саласының департамент басшысы, әділет подполковнигі Ш.Есенгелдиевтің атынан алғыс хатпен марапатталды.

Мен ішкі істер саласында 2008 жылдан бері жұмыс атқарып келемін.

Соның ішінде ҚАЖ қызметкері болу тым ауыр. Әйтседе, өзімнің таңдап алған мамандығым болғандықтан, өз қызметтік міндетіме жауапкершілікпен қарап, адал атқарып келемін. Бүгін міне, соның жемісін көріп тұрмын. «Қылмыстық – атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісін алу мен үшін үлкен мәртебе. Төсбелгіні тағып, кеудемді мақтаныш кернеді. Бұл менің алдағы қызметіме деген жауапкершілігімді арттырады.

Қазақстан Республикасына адал қызмет етемін – деген жалынды сөзін жеткізді старшина Бағлан Амангелдіұлы.

Ия, егеменді еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолында тәртібі тым қатал тегеурінді тергеу изоляторында уақытпен санаспай тер төгіп жүрген қызметкерлердің еңбегі әрқашанда елеуге тұрарлық.

Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп жүрген осындай патриот азаматтар мен азаматшалардың арқасында тәуелсіздігіміздің тірегі беки түсетіні анық.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...