12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттар заң үстемдігін орнатады

Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың қай-қайсысын алсақ та олардың барлығы азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығы мен заң үстемдігін қамтамасыз етумақсатын көздейді. Сондай өзгерістің бірі — кассациялық соттар. Санаулы күндерден кейін еліміздің бас қаласы — Астанада қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша дербес кассациялық соттар іске кіріседі. Яғни, 1 шілдеден бастап кассациялық істер алдын ала қараусыз «тұтас кассация» қағидасымен қаралады. 

Кассациялық соттар төменгі саты соттарының заңды күшіне енген шешімдеріне берілетін шағымдарды қарайды. Нақты айтқанда, сот актілерінің заңдылығын тексеру құзыретіне ие кассациялық соттар заңдылықтың төменгі саты соттарымен сақталу деңгейін саралап, анықталған қателіктерді түзетеді. Бұл сот актілерінің сапасын жақсартып, сот әділдігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болмақ. Кассациялық соттардың тағы бір артықшылығы, құқықтық мәселелерді кеңінен талдап, оларға заңнамалық түсіндірмелер береді. Осы арқылы қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады. Сот шешімдері мен үкімдерінің кассациялық соттарда таңдаусыз қаралуы әрбір сот сатысының жауапкершілігін  одан әрі күшейтеді. 

Сот жүйесіне деген сенімді арттырудың басты шарты — ол ашықтық пен әділдік, осытұрғыдан алғанда кассациялық соттар маңызды рөл атқарады. Олай дейтініміз, жаңа соттарарқылы жұртшылық өз істерінің әділдігіне көз жеткізеді. Кассациялық соттарда істердіңазаматтарды қатыстыра отырып, ауызша жүргізілуі қоғамның соттарға деген сенімінің нық қалыптасуына ықпал етеді. 

Статистикалық деректер облыстық және оған теңестірілген соттарда қаралған сот актілерінің қылмыстық, азаматтық істер бойынша кассацияда қаралу пайызы өте төмен екенін жоққа шығармайды. Кассациялық соттар осы олқылықты түбегейлі жояды. Бұдан әрі нақтыласақ, сотқа жүгінушілер, іске қатысушылар, мүдделері сот актілерімен қозғалатын адамдар, олардың өкілдері бірден кассациялық соттарға шағымдана алады. Ең бастысы шағым кассациялық соттарда міндетті түрде қаралады. Жаңа талапқа сәйкес, кассациялық шағым немесе наразылық білдіру туралы өтініш берген өкілдің өтініште талаптар негізделген заң нормасына қатысты сілтемені көрсетуі міндет. 

Сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымды кассациялық соттарға сот кабинеті немесе кассациялық соттардың кеңсесі, сондай-ақ, почта арқылы жіберуге болады. Кассациялық шағымға заң нормаларына сілтемелер, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен шешімдерінің, қаулыларының көшірмелері, сондай-ақ, мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек, сенімхат (егер шағымды өкіл берсе), шағымның дәлелдерін растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.

Төменгі саты сотының шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сот оның күшін жойып, істі соттың талқылауына жібереді немесе түпкілікті шешім қабылдайды. Істі кассациялық сотта қарағаннан кейін ол шешімге шағымдануға мүмкіндік болмайды.

Заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдану мерзімдері іс жүргізу кодекстерімен айқындалған. Азаматтық істерге қатыстыы айтсақ, кассациялық шағым беру мерзімі қатаң реттелген. Азаматтық іс бойынша ол апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымы немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде беріледі. Бұл ереже процестің барлық қатысушылары үшін жарамды. Кассациялық соттарда  іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ, ол сотқа келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде қаралып бітуі тиіс.

Жаңа соттар ҚР Сот Әкімшілігінің кассациялық соттар департаментінің құрылуына жол ашты.  Департамент жұмысы кассациялық инстанциялардың тәуелсіздігін күшейтуге, олардың әкімшілік және ұйымдастырушылық қызметін оңтайландыруға бағытталған. 

Әділ, ашық және заманауи сот жүйесін қалыптастыруда кассациялық соттардың шешуші рөл атқарарына сенім мол. Өйткені, сот процестерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа соттар қазақстандық сот төрелігінің әділдігін нығайтып, азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын одан әрі кеңейтеді. Бұл өз кезегінде халықтың сотқа деген сенімін нық қалыптастырады.

Қайырбек Абуов,

Шымкент қаласының азаматтық

істер жөніндегі ауданаралық сотының

Сот әкімшісінің басшысы

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Проектный офис по строительству студенческих общежитий города Алматы приглашает...

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе инвесторларды...

В Алматы проходит обучение молодежи навыкам безопасного поведения при ЧС

Управление молодежной политики города Алматы совместно с Департаментом по...

Сейсмикалық қауіпсіздік: Алматы жастары төтенше жағдайларға дайындықты меңгеруде

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті...

Молодежный совет: новый импульс для развития алматинской молодежи

С начала года во всех комьюнити-центрах нашего города проходят...