12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КӨШЕ АТАУЛАРЫН ӘЛІ БІРІЗГЕ ТҮСІРЕ АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ

СІЗ ТҰРАТЫН ҚАЛАДА КӨПШІЛІККЕ БЕЙМӘЛІМ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АТЫНДА КӨШЕ БАР МА? ОЛ КӨШЕЛЕРДІҢ АТАУЫН ЖИІ ЕСТІГЕНІҢІЗБЕН ОЛАРДЫҢ КІМНІҢ АТЫНДА ЕКЕНІН БІЛЕ БЕРМЕУІҢІЗ МҮМКІН. АЛМАТЫДА ДА ОСЫНДАЙ КӨШЕЛЕР БАР. МӘСЕЛЕН, ШОЛОМ-АЛЕЙХЕМ, РУДЗУТАК, БИЯНХУ.

Аталған Мұхаммед Аюб Биянху – Қытайдағы Цин билеушілерінің қысымына қарсы шыққан мұсылмандар көтерілісі қолбасшыларының бірі. Шолом-Алейхем – драматург, идиш тіліндегі көркем әдебиетті қалыптастырушылардың бірі, балалар жазушысы. Ал 1887 жылы дүниеге келген Ян Рудзутак – революционер, мемлекет қайраткері, партия және кәсіподақ белсендісі болған. Биянху атындағы көше Алматының Алатау ауданында, Рысқұлов көшесінен төменгі секторда орналасса, ШоломАлейхемнің атына берілген көше Бостандық ауданында, Тимирязевтен жоғарыда Шашкин мен Марков көшелеріне параллель жатыр. Мұны неге жазып отыр демеңіз. Өйткені қызыл империяның қызыл бояуымен аты өзгерген қазақтың жер-су, көше атауларын қайтадан бұрынғы қазақы қалпына келтіру, тарихи-географиялық атауымен қайта атау – басты мәселелердің бірі.
Бұл – мегаполис саналатын Алматы қаласына да тән. Ашық дереккөзге сүйенсек, Алматы қаласында 1000-ға жуық көше бар екен. Олардың ішінде қазақ халқының біртуар азаматтары атындағы көшелер, тамыры қазақ халқымен сабақтас қыпшақ, түркі əлемінің көрнекті тұлғалары, жырэпостық шығармалар, ертегі, аңыз кейіпкерлерінің құрметіне қойылған көше атаулары да бар. Сондай-ақ қазақ халқына, қала тарихына мүлде қатысы жоқ əлемдік тұлғалар мен өзге мемлекеттің көрнекті азаматтары есімімен аталатын және тағы басқа сипаттағы көше атаулары да бар.
Көше атының өзгеріске ұшырауы сонда орналасқан барлық мекемелер мен заңды жəне жеке тұлғалардың құжаттарындағы мекенжайларын, көше атаулары жазылған маңдайшаларды ауыстыруды талап етеді. Бұлай жасамау, әрине пошта, құтқару, салық жинау, тіркеуге алу қызметтеріне де кедергі туғызады. Бір қызығы елімізде ономастикалық дау-дамайдан алшақ жүретін Ақтау қаласы бар. Онда көше атаулары жоқ. Бәрі де нөмірмен белгіленген. Мысалы, нөмірі бірінші шағын аудан, нөмірі төртінші үй тәрізді. Дәл осындай атаусыз, кісі атымен аталмайтын көшелер АҚШ елінде де көп екен. Бұл бір жағынан дұрыс бағыт па деп ойланып та қаласың. Себебі, ұраншыл, саясатшыл, тіпті «атасының есімін ауылға, көкесінің есімін көшеге» берген атаулардан құтылар едік. Әрине, нәтиже жоқ емес, бар. Соңғы екі-үші жылдың ішінде Ленин есімімен аталатын 30 көше, Советов атауымен аталатын 15 көше, Октябрь, Целина, Комсомольская атуымен аталған қырықшақты көше алмастырылған екен. Демек, өткенiмiздi екшеп, бүгiнiмiздi зерделеп, атауы өзгерген сүйiктi қаламыздың көшелерiн лайықты тұлғалар атымен атауға атсалысуымыз керек. Ал, сіз, қандай көшеде тұрасыз?

Айжан МОЛДАҒАЛИЕВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Құқықтық жұмыстар басқармасының бас маманы, заңгер:
– Шығыстың ұлы ойшылы Конфуций осыдан 2000 жыл бұрын мемлекеттегі істерді оң жолға қоюды атауларын дұрыстаудан бастау керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған кезде іс те жүрмейді және халық не істерін білмейді», деген. Бір ғана Алматы қаласының өзінде түсініксіз Шолом-Алейхем, Рудзутак есімімен аталатын көше атаулары, қаптаған қатеге толы жарнамалар, Кеңес одағынан қалған ескі атауларды көптеп кездестіруге болады. Әрине, мұндай сауатсыздық, немқұрайлылық тәуелсіз елдің елдігіне сын. Елімізде көше атауларын беруде бірнеше нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынады. Атап айтсақ, «Тіл туралы» заңы «Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заң, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, объектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулылары негізінде жүзеге асырылады. Көшелерге атау берудің өзіндік тәртібі бар. Алдымен, көшеге атау беру тұрғылықты халықтың немесе өзге де тұлғалардан әкімдікке келіп түскен өтініштердің негізінде қаралады. Атау берілетін көше толық абаттандырылып, сәулет және қала құрылысы басқармасынан әкімдікке рұқсат ету құжаттары берілуі тиіс. Рұқсат ету құжаттары берілгеннен кейін, Алматы қаласы әкімдігі жанынан құрылған 15 адамнан тұратын құрамына ғалымдар, тарихшылар мен саясаткерлер енген арнайы Ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі. Комиссияның қорытындысы және тұрғылықты халықтың пікірлері ескеріле келе, көшеге атау беру жөнінде қала әкімі шешім қабылдайды. Осы шешім мемлекет негізінде әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Ономастикалық комиссия жобалық көшелерге атау бергенде елімізге немесе әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген тұлғалардың есімдерін, тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды таңдайды. Көше атауы тұлғаның өмірден өткеніне 5 жыл болған соң беріледі. Сондай-ақ, тұлғаның атындағы көше облыс көлемінде 2 рет, республика көлемінде 3 рет қайталанбауы тиіс.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ,
«Заң газеті»

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...