«Эйр Астана», SCAT, Qazaq Air компаниялары Ақтөбеге рейстерін тоқтатты

Ақтөбеге қатынайтын үш компания рейстерін уақытша тоқтатты, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 17 наурыздан 17 сәуірге дейін Ақтөбеге рейстерді тоқтатты.

«Әуежайдың жабылуына байланысты Ақтөбеге рейстер 17 наурыздан 17 сәуірге дейін тоқтатылды», — деп түсіндірді тасымалдаушының баспасөз қызметіндегілер.

Компанияның мәліметінше, жолаушылар 2022 жылдың 31 мамырына дейін қолжетімді рейстерге билеттерді тегін қайта брондап немесе сатып алған жері бойынша билеттерді толық қайтаруды рәсімдей алады.

SCAT әуекомпаниясы 31 наурызға дейін, QAZAQ AIR компаниясы 23 наурызға дейін рейстерін тоқтатты.

Жолаушылар билет құнын толық қайтара алады.

Айта кетейік, азаматтардың ұшу қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы жылдың 17 наурызынан бастап бұзушылықтарды жойғанға дейін Ақтөбе әуеайлағының ҰҚЖ пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі ұшу-қону жолағында қауіпті ақаулар жоқ және Air Astana, SCAT және Qazaq Air әуекомпаниялары ұшуды тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ деп сендірген болатын. Жөндеу екі аптаға созылуы керек еді.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...