Дубайдағы EXPO 2020 көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің қатарына кірді

Дубайда өткен EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің бірі атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан павильоны EXPO 2020 көрмесінде үздіктердің қатарында екінші орын алды. Бірінші орын — Германия, үшінші орын — Италия», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазақстан павильоны БАӘ-нің басты павильонына жақын орналасқан «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде орналасқан. Онда келушілер Қазақстанның әлемдегі орны, тарихы, мәдениеті, туристік әлеуеті, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алды.

Сыртқы жағынан павильон шығыс стилінде жасалған, ол заманауи техникалық мүмкіндіктермен толықтырылды. Қабырғалар жеңіл құрылымнан жасалған, үшкіл арка Түркістанның қасиетті жерлерін еске түсірді. 

Павильонның кіреберіс аркасы петроглифтермен және скиф-сақ мәдениетінің элементтерімен безендірілген.

Ал құрылым ішінде экспозиция бірнеше аймаққа бөлінген. Қабырға орнына айналар мен экрандар орналасқан басты зал Ұлы дала аймағы деп аталды. Олар шексіз кеңістікті көрсеткісі келді, ал жасанды шөп — шексіз даланың көрінісі. Павильонда дала иісі де аңқып тұрды. Ол үшін жусан иісі бар хош иістендіргіш қолданылды.

Еліміздің павильонын жасауға 8 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. 

Дубайдағы EXPO 2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін жалғасты.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ МОДЕЛІ: ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ МЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы  Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Малахов Дмитрий Михайлович Әділетті сот –...

Еңбек кодексі заман сұранысына сай келеді 

Елімізде еңбек қатынастарын жан-жақты әрі толық реттеген ҚР Еңбек...

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...