12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ДОҒАРЫСТАҒЫ СУДЬЯЛАР ЗЕЙНЕТАҚЫЛАРЫНЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ НАРАЗЫ

2020 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНЫҢ АЯҒЫНДА ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ VIII СЪЕЗІ ӨТТІ. ОНДА ТАЛҚЫЛАНҒАН ЕҢ НЕГІЗГІ МƏСЕЛЕ АЗАМАТТАРДЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРУ БОЛДЫ. СЪЕЗД ҚАРСАҢЫНДА «ЮРИДИЧЕСКАЯ ГАЗЕТА» БАСЫЛЫМЫНДА «ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ ДОҒАРЫСТАҒЫ СУДЬЯЛАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ О.ҚОЖАБАЕВТЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ДЕГЕН СЕНІМСІЗДІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ, СУДЬЯ ЛАУАЗЫМЫНА КАДР ІРІКТЕУ БАРЫСЫНДА ЖІБЕРІЛГЕН КЕМШІЛІКТЕР, СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА ƏДІЛДІК ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ «ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ƏДІЛДІКТІҢ ЖОЛЫ БІР» АТТЫ МАҚАЛАСЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕДІ.

2020 жылдың 31 қазанында О. Қожабаев республикалық «Литер» газетінің тілшісі Нұрғали Əбілдаевқа берген көлемді сұхбатында да тұтастай сот жүйесі үшін өзекті болып табылатын судьялардың түбегейлі тəуелсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы мəселені қозғапты. Расында да, судьялардың тəуелсіздігін қамтамасыз етудің басты факторы – судьяларды жұмыс істеп жүрген  кезінде ғана емес, осы лауазымда доғарысқа шыққаннан кейін де материалдық тұрғыда қамтамасыз ету. Доғарысқа шыққан судьяларға зейнетақы тағайындау 109 айлық есептік көрсеткішпен шектелді. Бұл шектеудің, əсіресе, Жоғарғы Соттың доғарыстағы судьяларына зардабы зор болды. Жұмыс істеп жүрген судьялардың жалақысымен арадағы айырмашылық 80 пайызға жуық. Ал кезінде Кеңес Одағының құрамында болған басқа елдердегі судьялар судья жалақысының 80-90 пайызы көлемінде зейнетақы алып отыр. Аудандық жəне қалалық судьялардың жалақысы 109 айлық есептік көрсеткіштен сəл ғана жоғары деңгейде. Сонда сот жүйесінде 20 жылдан астам еңбек етіп, Жоғарғы Соттан доғарысқа шыққан судья аудандық судьяның жалақысының көлеміндей ғана зейнетақы алады. Барлық экономикалық жəне математикалық есептерге сүйенсек, 109 АЕК көлеміндегі шектеу бюджет үшін аса көп шығын емес. Егер негізгі аудандық деңгейдегі судьялар үшін шығын шықпаса, облыстық деңгейдегі судьялар үшін шығын мардымсыз болмақ, ал Жоғарғы Соттың доғарыстағы 41 судьясы үшін бұл шығын жылына 10 млн теңгеге жуық қаржыны құрамақ. Сондықтан барлық судьялар біздің қоғамдық бірлестік төрағасының судьяларға зейнетақы тағайындауда 109 АЕК-пен шектеуді алып тастау жөніндегі ұсынысын қолдайды. Бұл мəселеде тағы бір маңызды жайтты атап өткен жөн. Мақалада жоғары буындағы сот органдарының статистикалық мəліметтерінен туындайтын сот жүйесіндегі жемқорлық пен сыбайластық, əділетсіз сот актілерін шығару фактілері туралы айтылған. Съезд материалдарында судьялардың кəсіби деңгейін тұрақты көтеріп тұрудың қажеттігін нақты көрсеткен. Зейнетақымен қамтуды арттыру мəселесі оң шешілсе, тəжірибелі судьялар, əсіресе, Жоғарғы Соттың судьялары, жұмыс істеп жүрген судьяларға, соның ішінде бұл лауазымға жаңадан тағайындалған жас судьяларға білген-түйгенін үйретуге дайын жəне бұл өзінің оң нəтижесін берері сөзсіз. Алыс жəне таяу шетелдің тəжірибесі бұл жұмысқа доғарыстағы судьялардың көптеп тартылып жүргенін көрсетеді. Ал Қазақстан қолда бар əлеуетті пайдалана алмай отыр, сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарында да, наразы электораттың арасында да сот жүйесіне деген сенімсіздік жиі бой көрсетеді.
Зейнетақы мəселесі шешілсе, доғарыстағы судьялар сот төрелігі үшін аса маңызды саналатын бұл жұмысқа белсенді түрде қатысуға дайын. Бұл үшін бюджеттен ешқандай шығын шықпайды, тек зейнетақымен қамтамасыз етсе жетіп жатыр.
Егер мемлекеттің атынан күн сайын сот төрелігін жүргізіп отырған судья оның мүддесінің мемлекет тарапынан сенімді түрде қорғалатынына, оның қиыншылығы мол қызметі үшін материалдық ынталандыру тек жұмыс істеп жүрген кезінде ғана емес, доғарысқа шыққаннан кейін де өзінің жоғары мəртебесіне лайықты болатынына сенімді болса, əрбір судья сот төрелігін жүргізу барысында заң бұзып, теріс жолға түскен жағдайда нені жоғалтып, неден айырылатынын саналы түрде сезінетін болады. Арзан сот төрелігі мемлекет үшін қымбатқа түседі, өйткені сот актісі мемлекеттің атынан шығарылады жəне сауаттандырылған адамзат тарихында биліктің сот тармағының мемлекеттің ар-ұяты болуы жəне елдегі заңдылықты бекітуі кездейсоқтық емес.
Р. МАМЫРБАЕВ,
Жоғарғы Соттың
доғарыстағы судьясы 

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...