Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогында алты медальға ие болды

Аустрияның Грац қаласында жастар арасында дзюдодан өткен Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, Қазақстан жастар құрамасы екі алтын, екі күміс, екі қола жүлдеге ие болды.

Жамбыл облысының өкілі Нұрқанат Серікбаев 60 кг, батысқазақстандық Нұрсұлтан Зайзағалиев 66 кг салмақта қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, чемпион атанды. Мерей Марханбетов 60 кг, қыздар арасында Аида Тойшыбекова 78 келіден астам салмақта екінші орынға көтерілді. Сондай-ақ Максим Мейірлан 81, Есмигүл Куюлова 63 кг салмақта үздік үштікке ілікті.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Жапониядан кейін екінші орынға шықты.

Қазақстандық бозбалаларды Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев жаттықтырса, қыздардың бапкерлері — Арсен Хатип пен Нұрбек Мықтыбеков.


В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...