Қазақстандықтарды екі миллиард теңгеге алдаған пирамида ұйымдастырушысы сотталды

Ақтөбе облыстық соты Home Avto Invest қаржылық пирамидасын ұйымдастырушы мен ұйымның Ақтау мен Атыраудағы бөлімшелерінің басшыларына қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ақтөбе Таймс» басылымына сілтеме жасап.

Судьяға жәбірленушілердің тізімі мен сотталғандар оларға төлеуге тиіс шығын көлемін тізіп шығуға бір сағаттай уақыт кетті. Пирамида қызметінен келтірілген шығынның ең аз мөлшері 100 мың теңге болса, 20 миллион, тіпті 40 миллион теңге жоғалтқан жәбірленушілер де болды.

Көптеген жәбірленушілер соттан заңда қаржы пирамидасын құру және басқару үшін берілетін жазаның ең ауырын тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде пирамиданы ұйымдастырушы ақтөбелік тоғыз жылға бас бостандығынан айырылса, Home Avto Invest компаниясының Ақтау және Атырау бөлімшелерінің басшылары алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.

Олар жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ сот олардың үшеуін алдағы жеті жыл ішінде коммерциялық және қаржылық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырды.

Home Avto Invest қаржылық пирамидасы 2019 жылдың желтоқсанында құрылып, бірнеше ай жұмыс істеген. Ал 2020 жылдың ақпанына дейін ол 450-ге жуық азаматты алдап үлгерген. Жәбірленушілерге келтірілген шығын шамамен 2 миллиард 215 миллион теңге.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...