12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НЕГЕ ҚАЙЫР СҰРАП КЕТТІ?

Каран — тиннің қайыршылар санын көбейткені байқалады. Көшеде қайыр сұраушыларға айыппұл салынатынына қарамастан, мешіт пен адам көп жиналатын көшелерде тіленушілер қарасы қалың. Неге?

Ерлан ҚҰЛШЫНБАЕВ, асаба:
– Күн сайын әлеуметтік желідегі жекеме көмек сұраған 7-8 адам хат жазады. Тіпті телефон нөмірімді тауып алып хабарласатындар да өте көп. Сондай хаттарды жиі алған соң, бір күні бұларға «балық бергеннен гөрі, қармақ берейін» деген ой келді. Сөйтіп елу мың теңгеге өтімді деген тауар алып, оны жан-жақты жарнамалап, заттың тезірек өтуіне ықпал етейін, сол арқылы бір адамның болсын өзіне деген сенімін арттырып, аяғынан тік тұрып кетуіне ықпал етейін деген ой келді. Ақшаға қоса бизнес жоспар ұсынып, әрекет етуіне қол ұшын бермек болдым. Бірақ осы ойымды ұсынған адамның барлығы әрекет етуден бас тартты. Олар қайырымдылықты ақшалай беруді өтінді. Әрине, сауда жасауға қабілетсіз, екі қолы жоқ, көзі көрмейтін, үйінен шығуға мүмкіндігі жоқ жандар болады. Оларға амал жоқ, қаржылай көмектесесің. Ал «жолдасым ішіп кетіп еді», «асыраушымнан айырылдым», «әйелім қайтыс болды, жұмысым жоқ» деген талай адам тауар алып, сауда жасап, бір тиынды екеу еткеннен гөрі, саусағын қимылдатпай ақша алғанды жөн көрді. Бір кісіге бір рет көмектестім, екінші рет қайырымдылық жасадым. Үшінші ретінде «адамнан емес, енді Алладан сұрап, әрекет жасаңыз» дегенімде, бірнеше әртіс, әншінің нөмірін беруді өтінді. Яғни қайыр сұрау оның етіне сіңіп кеткен, өз бетінше әрекет жасауды ойлаймайды да. Ол үшін оған үнемі әртістер садақа беруге міндетті. Өзін кінәламайды, бірақ өзіне көмектеспегені үшін басқаның бәрін кінәлауға әзір. Өкінішке қарай, осындай алаяқтар көбейіп кеткен. Ондай алаяқтардың көбеюі шын мұқтаж жандардың тасада қалуына әсер етіп отыр. Сосын бір байқағаным – мұқтаж жандардың көбі намысқа тырысып, көмек сұрауға қысылады. Ал қайыр сұрауды кәсіп еткендер тіленуге ұялмайды. Сондықтан өз басым қайыршылардың көбеюінің бір сырын масылдық психологиядан іздеймін.

Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
–– Қайыр сұраушылардың көбейіп кеткені рас. Оған көптеген жұмыс орындарының карантин кезінде қысқаруы, шағын кәсіп иелерінің қиындыққа ұшырап жабылуы себеп болған секілді. Жабылған мекемелердегі қаншама жұмысшы кәсіпсіз қалды. Рас, осыдан бес жыл бұрын сырттан келетін туристердің алдында көшеде қайыршылардың көп жүруі ұят саналып, басқалардың мазасын алмас үшін алақан жайғандарға айыппұл салу туралы заңнама бекітілген болатын. Бірақ дәл қазіргі таңда қайыршыларға айыппұл салу, оларды жаппай жазалау дұрыс емес. Онсыз да халықтың басым бөлігі жетісіп жүрген жоқ. Әлем сарапшыларының өзі пандемиядан соң әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың көбейетінін, жоқшылық жайлайтынын айтуда. Мәселен, Америкада үйсіздердің көшеде
түнеуіне рұқсат берілген. Оларға ай сайын жәрдемақы да тағайындалған. Ал біз қиналып, қол жайып көшеге шыққандарға айыппұл тағайындап отырмыз. Ешкім жетіскеннен мұндай қадамға бармайды. Маусым, шілде айларында ел ішінде індет кең жайлай бастаған тұста қаншама көмекке мұқтаж жан барын байқадық. Мүмкіндігі бар қоғам белсенділері, журналистер дәрі-дәрмекке ақша жинап, еріктілердің қызметін атқарды. Мемлекеттің көмегі тез іске қосыла қоймаған сәтте, қарапайым жандардың қол ұшын созуы талай жанды аман алып қалуға сеп болды. Сондықтан қайырымдылық шараларына шектеу қойып, шын мұқтаж жандарға көмек қолын созуды қиындатпай-ақ қойсақ дұрыс болар еді. Алаяқтарды анықтаудың жолы оңай. «Мейірімділік» ерікті қоғамдық қорының директоры Аружан Саин: «Егер балалары сырқат жандарға көмек беру керек болса, біз тиісті құжаттарды түгел сұратып аламыз. Яғни күрделі операцияның елімізде жасалатынын не жасалмайтынын анықтаймыз. Қаражатты бір шотқа жинаймыз. Сөйтіп, клиникаға тікелей аударамыз. Қаржы қолға берілмейді. Нақты ота жасау қажет баланы солай анықтаймыз», – деген болатын. Яғни науқастың қолына қаржы берілмеуі керек. Қайырымдылық қазақтың қанында бар. Соны біліп алғандар жалған аккаунттар арқылы ақша жинап, дүкендерге қайырымдылық жәшігін қойып, түрлі қитұрқы әрекеттерге барып жүр. Оларға заңды қатаңдатып, көмекке мұқтаж жандарға жан-жақты әлеуметтік көмек беру қажет.

Сауалнаманы дайындаған Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...