Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін зерттеу жүргізіліп жатыр

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство атом электр станциясының құрылысы бойынша ғылыми зерттеуді жалғастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атом электр станциясын салу – ұзаққа созылатын мәселе. Қазір геологиялық, тектоникалық, сейсмологиялық зерттеулерді, табиғи рельефтерді, ландшафттарды, судың қолжетімділігін, адам ресурстарын ескере отырып, ықтимал орналастыру орындарына байланысты зерттеу жүргізіліп жатыр. Ең әуелі осылар жасалуы керек.ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Министрдің айтуынша, атом электр стансасын салуға қолайлы жаңа учаске әлі анықталған жоқ.

Жұмыс күнде жүргізіледі. Зерттеу бір күнде бітетін нәрсе емес. Кез келген құрылысты бастамас бұрын атқарылатын жұмыстың ауқымы зор.Болат Ақшолақов

Бұған дейін Энергетика министрлігі Қазақстанда атом электр стансаларын салу үшін ядролық технологиялардың алты жаһандық жеткізушісі зерттеліп жатқанын хабарлаған еді.

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...