Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадан эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырған дипломаттарды наградтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырған дипломаттарды наградтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Украинадан эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырған мына азаматар наградталды:

  • Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Калетаев Дархан Аманұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;
  • Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі Қызыр Думан Манарбекұлы І дәрежелі «Айбын» орденімен;
  • Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі Қаражанова Макка Сағынғалиқызы, Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы Маслюк Галина Дмитриевна ІІ дәрежелі «Достық» орденімен;
  • Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған) Әлібеков Аслан Аманжолұлы «Құрмет» орденімен;
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы, Қазақстан Республикасының Румыниядағы елшілігінің консулы Кагенов Азамат Мағжанұлы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің екінші хатшысы – консулы Маманов Дархан Серікұлы, Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы — консулы Сәбитұлы Бекзат;
  • «Шапағат» медалімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары Амангелдин Руслан Берекеұлы, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі консулының көмекшісі Денисенко Анна Владимировна, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің екінші хатшысы Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы, Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні белгілі болды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...