Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімінің есебін тыңдады

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Елорда әкімдігі Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар салу, тұрғын үйлер алабын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтау, жекеменшік сектордан инвестиция тарту жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, биылғы үш ай ішінде 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Қала экономикасына 154 миллиард теңгеден астам қаржы тартылған. Жекеменшік сектордан инвестиция тарту көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өскен. 2021 жылы 1,2 триллион теңгеден астам қаржы тартылған.

Мемлекет басшысына сорғы-сүзгіш станциясының (ССС-3) құрылысы, нөсер кәріздері, кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ-2) жобалау, газды қазандықтар мен басқа да нысандар туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық орындарға (бақтар, саябақтар мен бульварлар) абаттандыру жұмыстары жүргізілетіні жөнінде айтты.

Президент қала жұртшылығының пікірін ескере отырып, елорданы жоспарлы түрде одан әрі дамыту және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...