Қонаев қаласы бірнеше жылдан кейін қандай болуы мүмкін?

Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласының жаңа бас жоспарын қазақстандық сәулетшілер әзірлеп жатыр. Қалада жаңа әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер салынып, ауқымды құрылыс басталады. Қонаев қаласы бірнеше жылдан кейін қандай болуы мүмкін? Tengrinews.kz назарларыңызға алдын ала дайындалған эскиздерді ұсынады.

Қонаевтың бас жоспарын әзірлеу туралы толығырақ Қазақстан қала құрылысшылары одағының президенті Любовь Нысанбаева айтып берді.

«Қала облыстың әкімшілік орталығы болған кезде ол мүлде өзгереді, Қонаев қаласының бас жоспары басқаша болады. Сондықтан, қазір қаланың әкімшілік орталығына айналатын жер таңдалып жатыр (…)», — деді Любовь Нысанбаева.

Қонаев қаласының алдын ала эскиздері. Сурет: Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс©

Қапшағай, қазіргі Қонаев қаласының бас жоспары 2006 жылы үкімет қаулысы бойынша бекітілген. Алайда қала жаңа мәртебе алып, Алматы облысының орталығына айналды. Осыған байланысты Қонаев дамуға жаңа мүмкіндік алды. Қала мәртебесіне сәйкес жаңа инфрақұрылым нысандары пайда болады.

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы – соттардың өз қызметі туралы заңда...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Тіл — халықтың тарихи жадын сақтаушы құрал. Қазақтың мақал-мәтелдері,...

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...