Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы – соттардың өз қызметі туралы заңда рұқсат етілген шектерде қоғамға ақпарат беруі және азаматтардың сот төрелігінің қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылау мүмкіндігі. Ал жариялылық – нақты сот істерін қараудың, сот отырыстарына қатысудың және сот актілерін жариялаудың ашық болуын білдіреді. Яғни, ашықтық сот жүйесі туралы ақпараттың қолжетімділігі болса, жариялылық сот процесінің қоғам үшін ашық жүргізілуі.

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы — сот қызметінің қоғамға түсінікті, қолжетімді және бақылауға мүмкіндік беретін қағидаты. Бұл қағидат сот төрелігіне деген қоғам тарапынан сенімді қалыптастыруға және соттардың заңға сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сот жүйесінің ашықтығы соттардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтеді, сот төрелігінің түсінікті болуын арттырады, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін кеңейтеді, сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне қатысты қоғамдық түсінікті қалыптастырады және сот билігіне деген сенімнің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар ашықтықтыңда заңмен белгіленген шегі бар, себебі жеке өмірді қорғау, кәмелетке толмағандардың мүдделері, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау сияқты жағдайларда сот процесінің кейбір бөлігі жабық өткізілуі немесе ақпараттың жариялануына шектеу қойылуы мүмкін.

Сот отырыстарының ашықтығы  заңда көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, сот отырыстары ашық өткізілетіні және азаматтар мен БАҚ өкілдері сот процестеріне қатыса алатыны, сот шешімдері заң талаптарына сәйкес жарияланып, азаматтарға сот төрелігінің нәтижелерімен танысуға мүмкіндік берілген.

Соттардың жұмысы, сот процестері, статистика және сот практикасы туралы ақпарат ресми ақпараттық ресурстар арқылы жарияланады. Журналистер сот процестері туралы ақпарат тарата алады, алайда процеске қатысушылардың құқықтары мен заңда белгіленген шектеулерді сақтауы тиіс. Электрондық сот жүйелері арқылы талап арыз беру, іс материалдарымен танысу және сот процесіне қашықтан қатысу сияқты мүмкіндіктер сот төрелігінің қолжетімділігін арттыра түседі.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы

Д.А.Мадемаров

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...