Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Тіл — халықтың тарихи жадын сақтаушы құрал. Қазақтың мақал-мәтелдері, жыр-дастандары, шешендік сөздері мен тарихи шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетіп келеді. Ана тілін меңгеру арқылы жас ұрпақ өз халқының өткенін, мәдениетін және рухани мұрасын тереңірек танып-біледі.

Қазақ тілі — Қазақстан халқының тарихын, дәстүрін және ұлттық құндылықтарын сақтайтын негізгі факторлардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, оның сот жүйесінде қолданылуы тек тілдік қатынас құралы ретінде емес, ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын және мемлекеттік институттарға деген қоғамның сенімін нығайтатын маңызды тетікретінде қарастырылады.

Қазақ тілін дамыту — тек тілдік міндет емес, ұлттық мәдениет пен тарихи сананы сақтаудың маңызды шарты. Қазақ тілінің отбасында, мектепте, жоғары білімде және қоғамдық өмірде кең қолданылуы ұлттық бірегейліктің нық болуына ықпал етеді. Сондықтан қазақ тілінің болашағы тек мемлекеттік саясатқа емес, оның қоғамдағы нақты қолданысына да байланысты. Тіл күнделікті өмірде неғұрлым кең қолданылған сайын, ұлттық мәдениет те соғұрлым табиғи түрде жалғаса береді.

Сонымен қатар, Қазақ тілінің сот ісін жүргізуде кеңінен қолданылуы мемлекеттік тілдің Конституциялық мәртебесін нақты жүзеге асыруға ықпал етеді. Сот — азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастың маңызды алаңы және сот жүйесіндегі қазақ тілі құқықтық мәдениет пен ұлттық дүниетанымның сабақтастығын қамтамасыз ете алады. Сот процесінде қазақ тілінің қолданылуы азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Адам өз құқықтары мен міндеттерін ана тілінде немесе өзі еркін меңгерген тілде түсінген кезде сот процесінің мәнін қабылдауы жеңілдейді.

Қазақ тілінің сот жүйесіндегі орны оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесімен ғана шектелмейді. Ол ұлттық құндылықтарды, құқықтық мәдениетті және азаматтық бірегейлікті байланыстыратын құрал бола алады. Қазақ тілін сот ісінде сапалы әрі түсінікті қолдану мемлекеттік институттардың қоғаммен байланысын күшейтіп, құқықтық мәдениеттің дамуына және ұлттық бірегейліктің нығаюына жағдай жасайды.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы

Л.И.Ильясова

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы – соттардың өз қызметі туралы заңда...

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...