12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

AMANAT: рейтингке қатысты реніш

2,7 мың депутаттың арасында жүретін(«Nur Otanның») қазіргі AMANAT партиясының рейтингтік ақпараттық жүйесінің сүйінші үлгісі біз секілді жергілікті мәслихат депутаттарына да өткен жылдың мау­сымының алғашқы апталарында-ақ келіп жеткен болатын. Бұған дейін депутаттар рейтингісін қалыптастыру ережесі әзірленіп, ол ереже респуб­ликалық Саяси кеңес Бюросының шешімімен бекітіліп, ақпараттық жүйе жасалып, деректер базасы цифрландырылған. Рейтинг жүйесі содан бері жырымызға айналды.

Біз қуана қарсы алған рейтингті ендіру ісі би­леуші партиядан сайланған депутаттардың қызметін жандандыруға, халықпен кері байланысты күшейтуге және жергілікті жерлерде сайлауалды уәделердің іске асырылу тиімділігін арттыруға жүйелі серпін беру мақсатын көздеген. 217 сайлау­алды бағдарламаға қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізуге 2,7 мың депутат дербес жауап бере алуы тиіс еді. Бүгінгі қоғамның қоятын ерекше талабына орай, депутаттар азаматтардың мүддесі мен еркін қорғап, қоғам мен мемлекет арасындағы «көпір» болуы керек. Рейтингтік жүйе «Nur Otan» депутаттарын, мәслихаттардағы хатшылар мен фракция басшыларын қызметінің айқындығы мен есептілігіне бағытталған медиа белсенділікке және жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне бағдарлауы қажет еді.
«Көш жүре түзеледі» деп рейтинг жұмысының басы-қасында жүрген жоғарыдағылардың күндіз-түні үздіксіз бізге түсіп жататын нұсқауларын сабырмен тыңдап, мұқият орындауға тырыстық. Сөйте-сөйте, мәслихаттағы фракцияның халық қалаулылары біртіндеп полигон алаңына болмаса да, футбол алаңында мақсатты-мақсатсыз ары-бері домалайтын допқа айналдық. Құлақтан тепкіштердің сынақ нысаны боп шыға келдік. Сілтемені ашып, логин-пароль арқылы кіріп, тіркелген ақпараттық жүйедегі өз парақшамызға бірнеше бөліктерді толтырып барып, материал салуды бір-екі аптада оп-оңай меңгеріп алған соң қызықты көрінген бұл жұмыстың көп ұзамай шыжықты жағы да қылаң берді. Айталық, мен өз басым «Депутаттар рейтингі» ақпараттық жүйеге депутат болған күннен бастап материалдар тіркелсін, қай күні депутат болды – сол күннен бастап атқарған жұмыстарын салсын» деп тамыз айының орта шенінен асқанда келген тапсырмадан-ақ тығырыққа тірелдік. Өйткені, біздің депутат атанғанымызға жарты жылдың жүзі өтіп кеткен. Яғни, былтыр, 2021 жылдың қаңтарының басында мандат алдық. Содан бері әр басқан қадамымызды фейсбук, твиттер, инстаграм, т.б. әлеуметтік желі беттерінде жариялап, күнделікті атқарған жұмыстарымызбен халықты хал-қадарымыз келгенше құлағдар етіп отырдық. Енді сол парақшаларымдағы депутаттық іске қатысты жарияланымды түгел мына жүйеге қайта көшіріп қалай салып үлгермекпін. Оған қанша уақыт пен қажыр-қайрат та жұмсалмақ.
Парламент Мәжілісіндегідей емес, жергілікті мәслихаттағылардың депутаттық жұмысы қоғамдық негізде атқарылатыны бесенеден белгілі. Жалақы алып отырған жұмысыңнан да басың босай бермейді. Соған қарамастан, өз басым қолым қалт еткенде жариялаған жазбам мен желі қолданушы оқырмандарым арасында байланысым үзілген емес. Желі парақшаларына өз аймағымда ең көп пост жариялайтын адамның бірімін десем қателес­песпін. Алайда, шамамен тамыздың орта шенінде ашылып, он шақты күннен соң қайта жабылған рейтинг сайтына жыл басындағы жазбаларымды қайта парақтап ашып, іздеп тауып, көшіріп отырудың қиындығынан, ішінара табылғандарын тауып, соңғы айлардағы бірді-екілі жұмыстарымнан ғана хабарлама салып үлгердім. Көп ұзамай көбінесе орысша – келетін нұсқама бойынша рейтингтік жүйеге «доступ» уақытша тоқтатылып қалады. Бұл уақытта біздің жүйеге салған материалдарымызды өзге аймақ модераторлары тексереді.
Тексерсін. «Алуан-алуан жүйрік бар – әліне қарай шабады» – дегендей, барды бар, жоқты жоқ, дұрысты дұрыс, бұрысты бұрыс деп қоя салғандары жөн еді бізге. Жырымыз осы жерден бастап қайырмасы қайталана беретін жауыр әнге айналды.
Модераторлардың қайбір уақыты боп жатыр дейсіз. Олардың бір қарағаны – бір, екі қарағаны – екі, күнделікті біздің жеке чатымызға «опубликован», «на доработке», «на проверке» немесе «отклонение» болып түсті де отырды. Қабылданғаны қабылданып, модераторлардың талабынан өтпей қалғаны өзіңізге қайтарылып жіберілетін ол бағалаулардың әрқайсысымен «возражение» немесе келісім білдіріп, тез арада жұмыс істеп, әлгі «Жеке кабинеттегі» сайтыңызға жөндеп өңдеп, қайта салуыңыз керек. Және «тез арада»! Тіпті «Осы қазір! Бүгін!» деп тұтқиылдан келетін қатаң өтініштерді қалай орындамасқа.
Кемшін тұсы көп деген жүйенің модераторлар тарапынан түсетін ескертпелерінің стандарт түрлерінің де оңып тұрғаны шамалы. Кейбірі тіпті, өрескел. Ақпараттық жүйедегі «Отклонение» мен «на доработке», «Возражениелердің» бірқатар мысалын алып қарайықшы:
«Причина отклонения: Материалы не под­тверж­дают заявленную деятельность с его участием» – «Талапқа сай емес» дегені шығар, жарайды келістік. Іске алғысыз пост болса, алсын да тастасын. Жоқ. «Удалить» деген жерді қанша бассаңыз да, әлгі материалыңыз өшпейді. Кетпейді. Жоғалмайды. Көзге шыққан сүйелдей ақтарған сайын салынған материалдарыңыздың арасынан жылтыңдап шығады да тұрады. Тұрса тұра берсін ғой егер зияны болмаса. Жоқ, зияны кәдімгідей. Әлгі жариялаған жазбаларыңыздың санын босқа көбейтіп, сіздің басқа жарамды материалдарыңызды парақтап, ашып, іздеп, жөндеуге, өңдеуге кететін уақытыңыздың көбін алып, жүйкеге тиеді.
«Комментарий модератора», «Партияға қатысы жоқ», «Партиялық позиция жоқ», «Материал партияға қатысты емес», «Критерий дұрыс көрсетілмеген», «Медиа қызмет, жеке парақшаны таңдаңыз», «Фотолар, видеолар партия жұмысы аясында атқарылған іс-шара екені көрсетілмеген», «Материал опубликован не с личной страницы либо прикреплена не подходящая ссылка. А также в содержании материала нет партийной деятельности», «Нұр Отан» туралы немесе депутаттык туралы ештеңе жоқ қой», – деп келетін мынадай «претензияларға» жылағыңыз келуі де ғажап емес.
Депутаттық пост жазбаларымызда әлеуметтік желідегі аудиторияны қай істе болмасын ұстамды, сабырлы болуға шақырып, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп ауызына келгенін айтып, партиямызды, билік өкілдерін ғайбаттай беретіндерді желілік мәдениетке үндейтін тақырыптарды қозғап, ылғи партияны жырлай беріп қана емес, партияның абыройлылығына сендіру үшін, бір мезгіл айқын мысалдар келтіре отырып, өтімді мәтіндер мен ұтымды репликалар арқылы да тәрбиелеп, публиканың теріс пікірлі көзқарастарын түзеп отыру – біз секілді депутаттардың ғана емес, әрбір (нұротандық) amanatтық азаматтың тікелей парызы болуы тиіс, меніңше. Азаннан кешке дейін «партияның» атын жылтыңдатып әр пост бетіне жариялап, тықпалай берсек, өз абыройымыздан айырыламыз және оқырмандардан да айырыламыз. Біле-білсеңіз, партияға қатысты ресми жазбаларды (әріптестерден басқа) ешкім керек қылмайды да. Оған әр қаралым мен оқылымдардың өзі-ақ айғақ. Сонда, бізге сол ма керегі? Әр пост сайын «amanatтық депутат» екенімізді айта бергеннен не шықпақ? Онсыз да посттың ең соңына хэштегпен (#deputatnurotan) #deputatamanat деп қол қойылады емес пе. Мысалға, менің нұротандық – amanatтық депутат екенімді 5000-ға жуық оқырманым былтырдан бері (праймеризден бері) өте жақсы біледі. Сөзімізге партияның атын қоспасақ, мақаламызға партияның қанатты ұранын келтірмесек, баяндамамызда міндетті түрде партияны мақтап атап өтпесек, жиналыстарымызда партия ісін үлгі қылмасақ көңіл көншімейтін жаққа жеттік.
Аудандық мәслихат сессиясы біздің бірден-бір депутаттық тісімізді қайрап, азуымызды көрсетіп қалатын жер. Біреу қолдап дауыс береді. Біреу қарсы-қалыс қалады. Талай экономикалық, саяси-әлеуметтік тағдырлар шешіліп жататын депутаттардың мәслихат сессиясы есепке алынбаса, басқа не материал салу керек сонда? Сонда не қалды өзі халыққа жариялайтын?..
Айтпақшы, бізден өзге, қарсылас, әріптес партия мүшелерінің депутаттарына рахат. «Аманаттық» депутаттар ғана күндіз сайлаушыларымен, түнде рейтинг сайтымен уақытын сарп етіп, таң атырып, күн батырып жүргені. Жүйе «ашылды, қолжетімді болды» деген хабар келгенде жапатармағай сайттарына бас қойып үлгеруі керек. «Доступ жоқ», «Сайт жабылды», «Материал салу уақытша тоқтатылды» дегенде «доработкі-поработкілермен» арпалысулары қажет. Кейбіреулерінің «Қап, одан да «Халық партиясының», болмаса , «Ақ жолдың» немесе «Ауыл» партияларының мүшесі болуым керек еді, мына рейтингпен шаршағанша» деп, немесе, «Бұдан да депутат болмағаным артық еді» деп армандап жүрмегендеріне кім кепіл?..
Ендеше, «Депутаттар рейтингі интернет-платформасындағы» бір қайнауы шикі тұстарын қайта пісіріп, біздердей депутаттарды әлеуметтік желіге үздіксіз таңылудан құтқарып, іс жүзінде халықпен қоян-қолтық араласа, көбірек әрі кеңірек жұмыс істеуімізге мүмкіндік берілсе дейміз.
PS. Рейтинг жайлы ренішімді қанша білдіріп, келіспейтін жерлеріндегі ойымды қанша айтып жатсам да, мен осы партия мүшесі болып қала берем. Сондықтан менің қазір білдіргелі отыр­ған сын-пікірлерімді ешкім ешқандай пиар ретінде қабылдамауы керек.
Заман ағымына, уақыт көшінің бағытына қарай менің жеке көзқарастарым өзгеріп отыруы мүмкін, бірақ өмір сүруге деген өз ұстанымымды ешқашан өзгертпеймін.

Үміт БИТЕНОВА,
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...