Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайын айтты

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотталды тергеу жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеу басталғаны хабарланған болатын. Ол 2 айға қамауға алынған еді.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...