Қанша ресейлік Қазақстанда тұруға ықтиярхат сұрады?

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған Ресей азаматтарының саны артқанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінде ықтиярхат алуға өтініш білдіргендердің саны өсіп жатыр. Егер өткен жылдары бұл көрсеткіш 350-ден 400 адамға дейін болса, қазір 2022 жылдың бірінші тоқсанында мыңға жуық адам өтініш білдірген», — деді Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Ол сондай-ақ 170-ке жуық Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргенін айтты.

«Статистика бойынша, өткен жылы да шамамен, осыншама адам өтініш білдірген. Ал одан сәл ертерек, 200-ден аса адам азаматтық алуға өтініш білдірген», — деді Марат Қожаев.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...