Қамшыбек Қоңқабаевтың чемпиондық жекпе-жектегі қарсыласы ауысты

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3 КО) келесі кездесудегі қарсыласы ауысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Әу баста отандасымыздың қарсыласы Оңтүстік Африка елінің боксшысы Джонни Мюллер (23-9-2, 14 КО) болуы керек еді. Бірақ ол жаттығу кезінде жарақат алып қалыпты. 

Енді оның орнына Қоңқабаевқа қарсы 29 жастағы өзбекстандық боксшы Фаррух Джураев (6-5-1, 2 КО) шығады. 

Бұл кездесу 25 наурыз күні Алматы қаласында өтетін бокс кешінің басты айқасы болады. Жекпе-жекте аса ауыр салмақта қазақстандық боксшыға тиесілі WBA Gold белбеуі сарапқа салынады. 

Токиода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері атанған Қамшыбек үшін бұл кәсіпқой бокстағы бесінші кездесуі болады. 

WBA Gold белбеуін Қоңқабаев 2021 жылдың желтоқсанында британдық боксшы Стивен Уорды (12-2, 4 КО) жеңіп иеленген еді. 

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...