12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматылық жас балуандар республикалық турнирде топ жарды

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. Аталған додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар қатысып, боз кілемде өзара мықтыны анықтады. Турнирде Алматы қаласындағы Медеу ауданындағы демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды.

Бәсекеде дара шыққан спортшылар:

  • Тұрарбай Заңғар – 33 кг салмақта І орын
  • Сайлау Нұрислам – 38 кг салмақта ІІ орын
  • Қызайбай Оспан – 35 кг салмақта ІІІ орын
  • Бауржан Батыржан – 38 кг салмақта ІІІ орын
  • Мұхамжан Айбек – 41 кг салмақта ІІІ орын

«Бұл – біздің спортшыларымыз үшін үлкен тәжірибе мектебі. Балалар осындай республикалық деңгейдегі турнирлерге қатысу арқылы өз қабілеттерін шыңдап, болашақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғай алатын мықты спортшыларға айналатынына сенеміз», – дейді жаттықтырушылар.

Айта кетейік, Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының жұмысы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Медеу ауданындағы орталықтарда тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге тұрақты түрде спорттық үйірмелер мен жаттығулар ұйымдастырылып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасалып отыр.

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...