Алматыда салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй кешені сүрілетін болды

Алматыда сот заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Алматы қаласы әкімдігінің талап арызын қанағаттандыру және Шұғыла шағын ауданы, Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайы бойынша заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы шешім қабылданды. «АРТ-ТЕХНОСС» ЖШС-мен сот ісі өткен жылдың маусымынан бері жалғасып келген.

Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтардың өтініштері негізінде тексеру жүргізген болатын. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылық анықталды, әкімшілік хаттамалар жасалды.

Одан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «АРТ-ТЕХНОСС» ЖШС-не заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берілді.

«Соттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды. Осыдан кейін Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берілді, 2022 жылғы 18 наурызда талап қанағаттандырылды», — делінген хабарламада.

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...